АНОНС «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы»

АНОНС «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы»

Ағымдағы жылғы 7 қыркүйекте сағат 16:00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегіведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болады.

Отырыста:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – Парламент депутаты);

2. «Аграрлық қолхаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аграрлық қолхаттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – Парламент депутаттарының тобы);

Келесі заң жобаларының тұжырымдамалары қарастырылады:

1. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  (әзірлеуші – МСМ);

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестерді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚДМ);

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚДМ);

4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші –  ҚАӨМ);

5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лоторея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші –  МСМ);

6. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші –  ЕХӘҚМ);

7. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші –  АШМ).

 

Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.

Журналистерді тіркеу 2018 жылғы 7 қыркүйек сағат 12.00-ге дейін

pressgov@mail.ru поштасы арқылы жүргізіледі.   Тел: 74-06-01,  74-06-02

 

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Тел: 74-06-01,  74-06-02

pressgov@mail.ru