«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті»

«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті»

Ағымдағы жылғы 7 қыркүйекте ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы –ҚР Мәжіліс депутаты Звольский Сергей Адамович )

2. «Аграрлық қолхаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аграрлық қолхаттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Евниев Арман Қайратұлы)

Келесі заң жобаларының тұжырымдамалары қарастырылады:

1. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  (баяндамашы – ҚР Қаржы вице-министрі Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы )

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестерді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  (баяндамашы –ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Коновалов Сергей Алексеевич )

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы – ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары Шпекбаев Руслан Нұтілеуұлы)

4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Шаймергенов Тимур Түлегенұлы )

5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лоторея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметуллаевна )

6. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы –ҚР Еңбек және халықты қорғау министрінің орынбасары Жақыпова Светлана Қабыкенқызы )

7. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы - ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Евниев Арман Қайратұлы ) қарастыру көзделген.

 

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Тел: 74-06-01,  74-06-02

pressgov@mail.ru