Қостанайда «Е - құқықтық көмек» ақпараттық жүйенің таныстырылымы өтті

Қостанайда «Е - құқықтық көмек» ақпараттық жүйенің таныстырылымы өтті

2018 жылдың 10  қыркүйегінде  Қостанай облысының Әділет департаментінде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»  Заңды іске асыру шеңберінде «Е - құқықтық көмек»  ақпараттық жүйенің көрінісі Астана қаласының «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілімен өтті. 

 

Көрініс адвокаттар қауымдастығына және облыстың жеке тәжірибеші заңгерлеріне арналды.

Көрініс барысында заң көмегінің біріңғай ақпараттық жүйесі заң консультанттарының қорғаушы немесе өкіл ретіндегі өз міндеттерін атқару кезінде қызметін автоматтандыруға және оңтайландыруға, қауымға құқықтық көмек көрсету кезінде қажетті ақпаратты тез арада алу, онлайн режімінде қамтамасыз ету, құжаттарды азайту, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ақпарат алуда уақыт және  материалдық шығындардарды азайту туралы айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылар ақпараттық жүйені әрі қарай табысты іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізді.

 

Қостанай облысы

Әділет департаментінің баспасөз қызметі