
ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық департаментінің директоры Айша Айткалиева азаптаудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласында Әмбебап мерзімді шолу ұсынымдарын іске асыру мәселeлері бойынша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссарының басқармасы ұйымдастырған тақырыптық консультацияға қатысты.
Іс-шара барысында Әділет министрлігі БҰҰ Қорғау рәсімі нәтижелері бойынша алынған ұсынымдардың орындалуы жөнінде ақпарат ұсынып, азаптаудың алдын алу саласындағы негізгі жүргізіліп жатқан реформаларды таныстырды.
Сонымен қатар, адам құқықтарын ілгерілету бағытындағы тиімді ынтымақтастығы үшін Әділет министрлігі БҰҰ АҚЖКБ-на алғыс білдірді.