
Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанда нормалық шығармашылық шарасын жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстелге қатысты. Әділет министрлігінің өкілдерінен бөлек, шараға шет елдерден жиналған сарапшылар келді. Мамандар Франция, Сингапур, Германия, Біріккен Корольдік және АҚШ сынды елдердің нормалық шығармашылық саласындағы жағымды тәжірибелерін қарастырды. Сондай-ақ, осы бағытта елеулі жетістіктерге жеткен Эстония, Грузия, Польша сынды елдердің тәжірибесі зерттелді. Қатысушылар ағымдағы жағдайды ғана емес, сонымен қатар реформалардың бағыттарын, басты жетістіктері мен қателіктеріне де тоқталды.
Мамандар салыстырмалы есептің қорытындалары мен қазақстандық заңнама мен құқық қолдану анализі негізінде жасалған ұсыныстарын ортаға салды. Оған сәйкес, нормалық шығармашылықтың бірыңғай процесін мемлекеттік реттеудің саясатын қалыптастыру ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін реттеуіштік саясат түсінігін орнықтыру қажет.
Бұдан бөлек, дөңгелек үстелде нормативтік құқықтық актілердің тұжырымдамалары мен жобаларын талқылауға арналған алаңдардың тиімсіздігі мәселесі көтерілді. Сонымен қатар, заң жобаларын халықпен бірлесіп талқылайтын жаңа алаңдарды ашу қажеттілігі де айтылды. Сарапшылардың ұсыныстары заңнамалық шығармашылық жүйесін жақсартып, қоғамға ыңғайлы етуге бағытталған.
Әділет министрінің орынбасары Наталья Панның айтуынша, бұл ұсыныстар Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелеріне жауап береді.