
2018 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы облысы Әділет департаментінің қызметкерлері "Қазақстанның заңгерлер одағы" РҚБ Алматы облыстық филиалымен бірлесе отырып, Алматы облыстық заң Кеңесшілер Палатасы, облыстық адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының түлектерімен, студенттерімен "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру және заң қауымдастығына студенттерді тарту мақсатымен кездесу өткізілді.


Іс-шараның мақсаты - 2018 жылғы 23 шілдеде заңды күшіне енген "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру сонымен қатар, жас заңгерлерді адвокаттық қоғамдастыққа тарту.
Іс-шара барысында қатысушылар баяндама жасап, студенттерге қабылданған Заңды жан-жақты түсіндіруді ұсынды және жас білікті заңгерлердің Қазақстан азаматтарына құқықтық көмек көрсетуде қажеттілігін атап өтті.
Алматы облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі