Отандық және шетелдік сарапшылар зияткерлік меншік саласындағы мәселелерді шешу жолдарын қарастырды

Отандық және шетелдік сарапшылар зияткерлік меншік саласындағы мәселелерді шешу жолдарын қарастырды

Халықаралық қайта құру және даму банктің қолдауымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Reed Smith LLP компаниясы бірлесіп, «Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы соттың, әділет, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, инновациялар және даму министрліктерінің, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының, жоғарғы оқу орындарының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ұлттық және шетелдік құқық иеленушілер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдер қатысты.

Дөңгелек үстелдің барысында халықаралық сарапшы, Reed Smith LLP компаниясының серіктесі Джонатон Редклиффпен зияткерлік меншік саласындағы қазақстандық заңнама мен халықаралық тәжірибе жайлы өткізілген салыстырмалы талдау бойынша қысқаша баяндама ұсынылды.

Джонатан Рэдклифф мырзаның басшылығымен халықаралық және қазақстандық сарапшылар зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында АҚШ, Япония, Германия, Сингапур, Чехия Республикасы және Таиланд сияқты мемлекеттердің оң әлемдік тәжірибесін қарастырды.

Халықаралық сарапшының ұсыныстарымен танысқаннан соң, дөңгелек үстелдің мүшелері зияткерлік меншік саласындағы мәселелерін және оларды шешу мүмкін жолдарын қарастырды.