СҚО-да медиация мәселесі бойынша шеберлік сабағы өткізілді

СҚО-да медиация мәселесі бойынша шеберлік сабағы өткізілді

СҚО Әділет департаменті облыстың Нотариаттық палатасымен бірлесіп облыс нотариустары арасында жаттықтырушы-медиатор, ТМД Экономикалық Сотының халықаралық делдалы, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ Президенті, Қазақстандық Медиаторлар қоғамдастығының директоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Ж.А. Жакуповтың қатысуымен «Нотариаттық қызметтегі медиацияның рөлі туралы» тақырыбына арналған мастер-класс өткізді.

Кездесу барысында жанжалтану негіздері жөніндегі мәселелер, жанжалдарды шешудің әдістері, медиация рәсімін өткізу ережелері, медиатордың құралдары, сонымен қатар медиациядағы этикалық нормалар қарастырылды.

Нотариустарға іс жүзінде тапсырмалар ұсынылды. Шеберлік сабағының барысында әр қатысушы өз білімін пайдаланып, медиатордың міндетін атқаруға мүмкіндік алды.

 

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі