
2018 жылдың 14 қыркүйегінде Жамбыл облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Саиновна Сыдыкова Әдеп кодексі аясында түсіндірме жұмыстарын, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.

Аталған отырысқа департаменттің, қалалық /аудандық/ Әділет басқармаларының басшылары мен мемлекеттік қызметшілері және Сот актілерін орындау бойынша қалалық /аудандық/ аумақтық бөлімдерінің аға сот орындаушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілердің этикалық мәдениетін қалыптастыру бойынша құзыреттіліктерін дамыту.
Іс-шара барысында тыңдаушылар назарына «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық (әдептілік) нормаларының қалыптасуы» атты тақырыпта баяндама ұсынылды.
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі