2018 жылғы 19 қыркүйекте сағат 16:00-де ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінде «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы» өтеді.
Қатысушылар: ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері.
Отырыста келесі заң жобаларының тұжырымдамалары қарастырылады:
лотереялар және лоторея қызметі мәселелері (әзірлеуші –МСМ );
қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері (әзірлеуші – Қаржымині);
қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері (әзірлеуші – БП);
еңбек мәселелері (әзірлеуші –ЕХӘҚМ );
мәдени мәселелері (әзірлеуші– МСМ);
экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (әзірлеуші– ЭМ).
Өткізілетін орны: Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.
Журналистерді тіркеу: 19 қыркүйек сағат 12.00-ге дейін
pressgov@mail.ru поштасы арқылы жүргізіледі. Тел: 74-06-01, 74-06-02 ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.