ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова «Адам құқықтары саласындағы ұсыныстардың орындалуын мониторингілеуге арналған индикаторларды айқындау» тақырыбындағы семинарға қатысты

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова «Адам құқықтары саласындағы ұсыныстардың орындалуын мониторингілеуге арналған индикаторларды айқындау» тақырыбындағы семинарға қатысты

Астана қаласында UPR Info ұйымының ұйымдастыруымен өткен семинар БҰҰ шеңберіндегі Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) аясында Қазақстанның Төртінші ұлттық баяндамасын қорғау қорытындыларына арналды.
Аталған шарада ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова құттықтау сөз сөйлеп, өз сөзінде ӘКШ аясындағы ұлттық баяндамаларды және БҰҰ алаңында Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт бойынша Үшінші ұлттық баяндаманы қорғау нәтижелері туралы айтып өтті.

Вице-министр UPR Info ұйымына және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасына ұлттық ұстанымды тиімді ұсынуға ықпал еткен, қазақстандық делегацияны даярлауға, оның ішінде оқыту және модельдік сессияларды өткізу арқылы, көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Сөз соңында Вице-министр Әділет министрлігінің адам құқықтары саласындағы Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін тиімді орындау мақсатында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасымен және UPR Info ұйымымен ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолында жұмыстар жалғастырылатынын айтты.