Ағымдағы жылғы 19қыркүйекте ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Келесі заң жобаларының тұжырымдамалары қарастырылды:
1.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лоторея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазиұлы);
2.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы – ҚР Қаржы миистрлігінің жауапты хатшысы Тортаев Бауыржан Қадырұлы);
3.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінеқылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы –ҚР Бас Прокурорының орынбасары Ахметжанов Марат Мұратұлы);
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінееңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»(баяндамашы –ҚР Еңбек және халықты қорғау министрінің орынбасары Жақыпова Светлана Қабыкенқызы );
5.Қазақстан РеспубликасыныңЭкологиялық кодексі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы- ҚР энергетика вице-министрі Нұрлыбай Сәбит Нұрлыбайұлы)
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02