Әділет министрлігінде 2018 жылдың 8 айы бойынша әділет органдарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өткізілді.
Кездесу барысында, мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары аясында нормалардың сақталуы туралы өзекті мәселелер талқыланды. Кеңес жұмысында ҚР Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаментінің директоры Берік Серікұлы Беркімбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Бақылау департаментінің директоры Равиль Қуанышбайұлы Төлебаев, сонымен қатар ҚР ӘдМ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сайынқызы Сыдыкова және орталық мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.
Кездесу барысында Сыдыкова А.С. ҚР ӘдМ-ң аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдермен 2018 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары бойынша баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша, аумақтық бөлімшелердің әдеп жөніндегі уәкілдеріне өздерінің жұмыстарын жандандыру бойынша нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.