Өңірлік әділет департаменттері «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді

Өңірлік әділет департаменттері «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді

2018 жылдың 21 қыркүйегінде облыстық әділет департаменттері «Әділет кеңес береді» республикалық акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарды толғандырған мәселелер бойынша тегін білікті заң көмегін көрсету.

Акция барысында тұрғындар шектеу мерзімдері туралы, заңды тұлғаларды тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және апостолдау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, халыққа құқықтық көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ мұраны тіркеу және жылжымайтын мүлікті тіркеуге қатысты сұрақтар қойды.

Акция соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.