
Азаматтарды қабылдау орталығына келген Астана қаласы мен Алматы облысының тұрғындары бірқатар құқықтық мәселелерімен жүгінді.
Қабылдау кезінде азаматтар негізінен атқарушылық іс-жүргізуге қатысты сұрақтарын қойды.
Қабылдау қорытындысы бойынша Бекболат Молдабеков ҚР заңнамасы аясында түсініктемелер беріп, тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Барлық өтініштер бақылауға алынды.