Кеңес - құқықтық көмек негізі

Кеңес - құқықтық көмек негізі

24 қыркүйекте Алматы облысының Әділет департаменті қызметкерлері РҚБ «Қазақстанның заңгерлер одағы» Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесе отырып,  облыс нотариустары, жеке сот орындаушылары, жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің қатысуымен ХҚКО департаментінің ғимаратында облыс тұрғындарымен консультативтік кездесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жеке және заңды тұлғаларға құқықтық көмек көрсету.

Іс-шара барысында, азаматтарға тегін заң көмегі ұсынылып, қойылған сұрақтарға жауап беріліп, құқықтық көмек көрсетілді. Кездесуде қойылған сұрақтардың бірі: еңбек дауларын шешу, жер телімі, жылжымайтын мүлік объектісінің меншік құқығын тану, заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері, зияткерлік меншік құқығы және басқа да құқықтық мәселелер.