Аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Елбасы Жолдауының басым бағыттарының және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін насихаттау, халыққа заң көмегін көрсету мақсатында Құрманғазы ауданының тұрғындары арасында құқықтық кездесу  өткізілді.

Аталған кездесуге Әділет департаменті жанынан құрылған Әділет органы қызметкерлермен «Нұр Отан» партиясы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Заң кеңесшілері палатасы» қоғамдық бірлестігі, Адвокаттар алқасы, Нотариаттық палатасы, Жеке сот орындаушылар палатасы, Мемлекеттік кірістер департаменті, Мемлекеттік еңбек инспекциясы, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АО филиалы өкілдермен толықтырылған құқықтық насихаттау тобы қатысты.

Кездесу барысында, азаматтарға заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының тиімді жақтары түсіндіріліп, сонымен бірге халықты жұмыспен қамту, тұрғын үйдің мемлекеттік бағдарламаларға қатысты енгізілген өзгерістерге толықтай түсінік беріліп, кездесуге қатысқан азаматтардың көкейтесті сұрақтарына заң тұрғысында кеңестер берілді.

 

 

Атырау облысы Әділет

департаментінің баспасөз қызметі