Пресс-релиз

Пресс-релиз

Пресс-релиз

2 қазан 2020 ж.                                                                                               Нур-Султан қ.

 

           

Бүгін Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінің алаңында Zoom-конференция платформасында онлайн форматта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына енгізілген өзгерістер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудегі негізгі талаптар» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысында Нұр-Сұлтан қ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысының бірінші орынбасары Ж.Ж. Жылқышиева, Әділет Министрінің кеңесшісі Қ.Б. Тәжібаев, Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Сыдыкова, Әділет министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ  «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінің басшылары мен жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Өз сөзінде Ж.Ж. Жылқышиева сыбайлас жемқорлықпен күрес аясындағы шектеулерге назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша қабылданған заңнама актілерімен таныстырды.

Аталған семинардың басты мақсаты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлықпен күрес аясындағы құқықтық түсінігін көтеру болып табылады.  

Семинардың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және  «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінің жұмысы бойынша нұсқаулықтар берілді.