
2018 жылдың 27 қыркүйегінде М.Нәрікбаев атындағы «KAZGUU» университетінде Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Г.Б. Тұрлыханова және құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлерімен ЖОО-ның студенттері және оқытушыларының қатысуымен семинар өткізді.
Шара барысыныда Заңның өзекті жаңалықтары мен Астана қаласының адвокаттар алқасының мүшелігіне кіру тәртібі түсіндірілді.
Оқытушылар мен студенттердің жоғарыда аталған заң жаңалықтарын адвокаттармен білікті заң көмегін беру тәжірибесінде қолданылуы жоғары қызығушылық тудырды.

Презентациядан кейін студенттер мен оқытушылардың тарапынан кіру жарнамаларына тыйым салу, адвокаттық ордерлерден бас тарту, тәртіптік жауапкершілікке тарту тетіктерін қайта қару, азаматтарға сапасыз заң көмегін көрсеткен жағдайда, өтеу бойынша сақатандыруды және Е-адвокатура жүйесін енгізу, құқықтық кеңесшілердің қызметін реттеуге қатысты сұрақтар қойылды.Шараның қорытындысы бойынша, М. Нәрікбаев атындағы «KAZGUU» университеті және Астана қаласы Әділет департаменті арасындағы қарым-қатынасты әрмен қарай нығайту жолдары қарастырылды. Студенттердің көпшілігі әділет органдарында өндірістік тәжірибеден өтуге ниет білдірді.