
2020 жылғы 23 қыркүйекте «Орталық Азия елдеріндегі кәсіпкерліктің құқықтық ортасын жетілдіру» тақырыбында вебинар өтіп, оның жұмысына ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Естайқызы Ахметова қатысты.
Вебинар 2020 жылы Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бағдарламасы шеңберінде өткізілді.
Вебинар барысында ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Естайқызы Ахметова Әділет министрлігі зияткерлік меншік, атқарушылық іс жүргізу, заңды тұлғалардың тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу салаларындағы заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті.
Сонымен бірге вебинар аясында қатысушылар ЭЫДҰ-мен дайындалған талдау нәтижелері мен ұсыныстарды талқылады. Орталық Азия елдеріндегі кәсіпкерліктің құқықтық ортасы талданған және әрбір мемлекетте жеке сектордың дамуына ықпал етуге арналған ұзақ мерзімді реформалардың негізгі басымдықтары айқындалған ЭЫДҰ есебінің жобасы талқылауға негіз болды.
Іс-шараға ЭЫДҰ Хатшылығының, Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың, Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің, Еуропалық қайта құру және даму банкінің және Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдері қатысты.