Шымкентте «Әділет органдары қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай салтанатты мәжіліс өтті

Шымкентте «Әділет органдары қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай салтанатты мәжіліс өтті

Бүгінгі таңда құқықтық қолдауды қажет етпейтін бірде-бір қызмет жоқ. Заңгер болу – үлкен абырой және мемлекеттік маңызы бар жауапкершілік болып саналады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығына сәйкес, 30 қыркүйек Қазақстанда алғаш рет ресми түрде Әділет органдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.

Осыған орай, үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегінде Шымкент қаласы Әділет департаментінің мәжіліс залында «30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлерінің күнін» мерекелеуге байланысты салтанатты іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, салтанатты іс-шараны департамент басшысы О.Тастанов ашып, барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтап, әділет департаментінің  мақтау қағаздары  мен  алғыс хаттарын табыс етті.

Сонымен қатар, құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету саласы бойынша жауапты бас маман Т.Тұрарқызының «Халыққа қызмет – ерекше міндет» тақырыбындағы баяндамасы оқылды.