Әділет министрлігінде Азаптауларға қарсы күрес заңнамасын жетілдіру сұрақтары талқыланды

Әділет министрлігінде Азаптауларға қарсы күрес заңнамасын жетілдіру сұрақтары талқыланды

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы үшінші кезеңдік баяндаманы талқылау бойынша мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кезекті кездесу өткізді.

Кездесу онлайн форматта өтті, оған 30-дан астам ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Шара барысында азаптауларға қарсы күрес мәселелері талқыланды, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру және оны Азаптауларға қарсы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келтіру бойынша одан әрі ұсыныстар әзірленді.

Кездесуді қорытындылай келе Әділет министрі Марат Бекетаев қатысушыларға белсенділігі үшін алғысын білдіріп, өзара ынтымақтастық одан әрі жалғасады деген сенімін білдірді.