Өңір нотариустарының жалпы жиналысы

Өңір нотариустарының жалпы жиналысы

Ағымдағы жылдың 3 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы Нотариаттық палатасы мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті.

Жиналыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

Оңтүстік Қазақстан облысы Нотариаттық палатасынан, Шымкент қалалық палатасын бөліп шығару, оның тәртібі мен қайта құру шарттарын белгілеу;

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының Нотариаттық палаталарының Жарғысын жаңа редакцияда дайындау;

Түркістан облысы мен Шымкент қалалық палаталарының төрағалары мен басқарма мүшелерінің кандидатураларын ұсыну.

Жиналысқа Шымкент қаласының Әділет департаментінің мамандары қатысып, қаралып отырған мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдірді.