2020 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесе отырып, «Өнеркәсіптік меншікті халықаралық тіркеу. Өнеркәсіптік үлгілерді тіркеудің Гаага жүйесі» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Семинардың мақсаты өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың Гаага жүйесін зерттеу, сондай-ақ өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша басқа елдердің тәжірибесімен танысу болып табылады.

Семинардың фокус-тобы Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарының, Қазақстан Республикасы Әділет органдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік үлгілердің өтінім берушілері мен патент иеленушілері болып табылады.

Онлайн-семинар барысында халықаралық сарапшылармен өнеркәсіптік үлгілерді тіркеудің халықаралық жүйесі, Еуропа мен Германияда өнеркәсіптік үлгілерді қорғау, Ресей Федерациясында ­өнеркәсіптік үлгілерді қорғау және т.б. тақырыптарда материалдар ұсынылды.

Сондай-ақ 2020 жылғы 18 қыркүйекте аталған семинар шеңберінде Қазақстан Республикасының 1999 жылғы Гаага келісімінің Женева актісіне қосылу перспективалары бойынша сараптамалық талқылаулар өткізілді.

Халықаралық сарапшылар мен семинарға қатысушылар жоғарыда көрсетілген мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.