Меню

Страницы

Статья

Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға қатысты кейбір сұрақтар және жауаптар

1. Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін төлем қандай?

Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде техникалық және құқықтық сипаттағы қосымша қызметтер көрсеткені үшін «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-1-бабында көзделген мөлшерде ақы алады:

1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:

егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 7 айлық есептік көрсеткіш;

балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш;

басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;

егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 2 айлық есептік көрсеткіш;

2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:

егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 2 айлық есептік көрсеткіш;

балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 1 айлық есептік көрсеткіш;

басқа адамдарға – 2 айлық есептік көрсеткіш;

3) автомотокөлік құралдарын иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:

егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 5 айлық есептік көрсеткіш;

балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш;

басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;

4) жалға беру, заем (ипотекалық тұрғын үй заемы шартын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік шарттарын, неке келісімшарттарын, ортақ меншіктегі мүлікті бөлу, мұрагерлік мүлікті бөлу шарттарын, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырған кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш;

5) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;

6) өсиеттерді куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;

6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыру көзделген келісулерді куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;

7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін – берілген әрбір куәлік үшін 3 айлық есептік көрсеткіш;

8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар өзге де адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде – 4 айлық есептік көрсеткіш;

9) мүлікті пайдалану және иелік ету құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;

10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;

11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш;

12) басқа сенімхаттарды куәландырған кезде:

жеке тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш;

заңды тұлғалар үшін – 2 айлық есептік көрсеткіш (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N155 Нотариат туралы

Заңының 30-1 бабы).

 

2. Нотариустың кеңесі қанша тұрады?

Консультация беруді жүзеге асыру үшін нотариустың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N155 Нотариат туралы Заңының 30-1 бабының 3-тармағы).

Нотариустың жеке және заңды тұлғаларға: нотариаттық әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізу, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәмілелер жобаларын, өтініштер мен басқа да құжаттарды жасау нысанында өтеулі негізде заң көмегін көрсетуі консультация беру болып табылады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N155 Нотариат туралы Заңының 17-1 бабының 3-тармағы).

 

3. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарта алады ма?

Егер мұндай iс-әрекет жасау заңдарға қайшы келсе, iс-әрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс болса, нотариаттық iс-әрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе қажеттi өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса, заңды тұлға атынан жасалатын мәмiле оның жарғысында немесе ережесiнде көрсетiлген мақсаттарға қайшы келсе, мәмiле заңдар талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N155 Нотариат туралы Заңының 48-бабының 1-тармағы).

Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылған кезде, нотариус нотариаттық iс-әрекет жасауға ол өтiнiш берген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде жазбаша түрде бас тартудың себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N155 Нотариат туралы Заңының 48-бабының 2-тармағы).

 

4. Жеке нотариусқа ақы төлеуден кім босатылады?

Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткеніне ақы төлеуден мыналар: нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өздері дайындаған жеке және заңды тұлғалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша, «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық әрекеттер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке тұлғалар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алған адамдар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлер, жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап бойынша өндіріп алушылар босатылады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N155 Нотариат туралы Заңының 30-1бабының 2-тармағы).

 

5. ЖШС құрылтай шартын нотариуста куәландыруға міндетті ме?

Нотариус шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын: құрылтай шартын және Жарғысын куәландырады. Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартын қоспағанда, құрылтай шарты нотариатты куәландыруға жатады (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» № 31 бұйрығының 9-тарауының 111-тармағы).

 

6. Құжаттар нотариус мұрағатында қанша жыл сақталады?

Жер учаскелерін иеліктен айыру туралы шарттар 75 жыл, Тұрғын үйлерді, пәтерлерді иеліктен айыру және кепілі туралы шарттар (негізінде олар куәландырылған құжаттар) 75 жыл, Өзге де шарттар 25 жыл, Нотариаттық куәландырылған өсиетхаттар 75 жыл, Құпия өсиетті қабылдау туралы куәлік 75 жыл, Құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәлік 75 жыл, Құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасы 75 жыл, Мұрагерлік істер 75 жыл, Сенімхаттар олардың ескіру (қолдану) мерзімі өткен күннен бастап 3 жыл, Келісімдер 25 жыл, Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлігіндегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік (егер ондай куәлік нотариаттық кеңседе ашылған мұрагерлік іске байланысты тірі зайыбына берілген болса, ол мұрагерлік іске тігіледі) 75 жыл, Адамның тірі екендігін және белгілі бір жерде болу фактісін куәландыру туралы, құжатты сақтауға қабылдау туралы 3 жыл, Құжаттардың көрсетілген уақытын куәландыру жөніндегі құжаттар 3 жыл, Азаматтардың, мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың өтініштерін басқа азаматтарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және ұйымдарға табыстау 3 жыл, Депозиттік операциялар жасау жөніндегі құжаттар 10 жыл, Теңіз наразылығы туралы акт 3 жыл, Дәлелдемелерді қамтамасыз етуге байланысты жасалған құжаттар 5 жыл, Заңды тұлғалардың істері (жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, хаттамалардың, бұйрықтардың көшірмелері) 10 жыл, Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулылар 5 жыл, Құжаттарды сараптамаға жіберу туралы қаулы 3 жыл, Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімдер үнемі электрондық тасығышта, Мұралық істерді есепке алу кітабы 75 жыл электрондық тасығышта, Өсиеттерді есепке алу кітабы 75 жыл электрондық тасығышта, Атқарушылық жазба 3 жыл (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы»  № 32 бұйрығының 4-қосымшасының 2-тармағы).

 

7. Атқарушы жазбаға қай мерзімде шағымдануға болады?

Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N155 Нотариат туралы Заңының 92-6 бабының 2-тармағы).

 

8. Атқарушы жазбаның күшін жойған кезде ақшаны қайтаруға болады ма?

Атқарушылық жазбаның күші жойылған кезде нотариусқа оны жасау үшін төленген сома қайтарылуға жатпайды (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» №31 бұйрығының 25-тарауының 233-тармағы).

Дата публикации
13 сентября 2022
Дата обновления
13 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы