Меню

Страницы

Статья

Кешенді әлеуметтік заң көмегін алу құқығы

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтардың осы құқығын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң көмегінің мынадай нысандары көзделген: өтеулі негізде көрсетілетін заң көмегі; мемлекет кепілдік берген заң көмегі; кешенді әлеуметтік заң көмегі.

Алғаш рет Қазақстан Республикасында кешенді әлеуметтік заң көмегі институты 2018 жылы енгізілді.

Америкада және Еуропа елдерінде бұл институт ұзақ уақыт бойы сәтті жұмыс істеп келеді және қоғамдық игілік, халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға заңгерлік көмек көрсету тұжырымдамасымен байланысты.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға, клиентті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін шартқа сәйкес көрсету кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады.

Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтардың мынадай санаттарына көрсетілуі мүмкін:

  • «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға;
  • атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
  • басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
  • бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдарға;
  • жасына байланысты зейнеткерлерге;
  • қарттар мен мүгедек адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедек адамдарға;
  • мүгедек балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедек адамдары бар адамдарға беріледі.

Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес адам (отбасы) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүр деп танылуы мүмкін: жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық; кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы; туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі; дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы; әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы; әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау; баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар); бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болу.

Сондай-ақ, кешенді әлеуметтік заң көмегі ерікті негізде жүзеге асырылатынын және азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейтінін атап өткен жөн.

Кешенді әлеуметтік заң көмегін енгізу азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін нығайтуға, халықтың құқықтық жауапкершілігі мен заң сауаттылығын арттыруға көмектесетін біздің азаматтарды әлеуметтік қолдау әдісі болып табылады.

Дата публикации
31 августа 2022
Дата обновления
31 августа 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы