Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі делінген.
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңында (бұдан әрі- Заң) заң көмегін алуға құқығы бар адамдардың санаттары көзделген.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету: заңдылық; мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін қажет ететін жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы; мемлекет кепілдік берген заң көмегінің тең қолжетімділігі мен сапасы; мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілетін мәселенің құпиялылығын қамтамасыз ету; мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалармен заңнама талаптарының сақталуын бақылау, тиімді мемлекеттік реттеу қағидаттарына негізделеді.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.
Заңның 27-бабына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның:
1) өз құқықтары, міндеттері және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шарттары туралы ақпарат алуға;
2) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға тегін заң көмегін көрсету үшін өтініш жасауға;
3) мемлекет кепілдік берген заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен алуға немесе оны алудан бас тартуға;
4) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағым жасауға;
5) мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілген мәселенің құпиялығына құқығы бар.
2022 жылдың 20 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі - АПК) өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, АПК-нің 112-бабында тегін заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалардың санаты толықтырылды. Егер бұрын АПК-да 4 санат көзделсе, қазір тегін заң көмегін алуға құқығы бар адамдардың тізімі тағы 3 санатпен толықтырылды, олар:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер;
2) алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алушылар болып табылатын көп балалы отбасылардағы балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер құқылы.
Сонымен қатар, Заңның 19-бабында кешенді әлеуметтік заң көмегі (бұдан әрі-КӘЗК) көзделген.
Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға, клиентті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін шартқа сәйкес көрсету КӘЗК болып табылады.
КӘЗК мыналарға:
КӘЗК азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.
КӘЗК шеңберінде азаматтар өтеусіз негізде, оның ішінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша тиісті заң көмегін алуға құқылы екеніне назарларыңызды аударамыз.