Меню

Страницы

Статья

Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспары шеңберінде қабылданған шаралардың маңыздылығы

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары[1].

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда адам құқықтары саласында бірқатар саяси реформалар жүзеге асырылды.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге (бұдан әрі – Пакт) қосыла отырып, оның нормаларын қазақстандық заңнамаға имплементациялау және Пакті шеңберінде баяндамаларды қорғау қорытындылары бойынша алынған ұсынымдарды орындау бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

2008 жылы Адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолуды (бұдан әрі – Шолу) ұсыну жөніндегі тетік іске қосылды. Шолу қорытындысы бойынша БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттер елге арналған ұсынымдарды қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Пакт пен Шолу шеңберінде мерзімді баяндамаларды дайындау және ұсынымдарды іске асыру бойынша үйлестіруші орган болып табылады.

Осылайша, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдерін қатысуымен Әділет министрлігі 2009 және 2016 жылдары Пактіні орындау бойынша екі Ұлттық баяндаманы және 2010, 2014 және 2019 жылдары Шолу шеңберінде үш баяндаманы дайындап, қорғауға қатысты. Пакті бойынша Қазақстанның үшінші ұлттық баяндамасы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне 2020 жылы жолданды.

Баяндамаларды қорғау қорытындылары бойынша алынатын ұсынымдар Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғауды регламенттейтін ұлттық заңнамада да көрініс табады.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында адам құқықтарын қорғау бойынша жаңа шаралар қабылдау мәселесінің басымдығын атап өтті[2].

Осы бағыттағы үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 9 маусымда «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойылды[3], ол Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) бекітуді көздейді[4].

Жоспарды Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылғы 11 маусымда Президент Қ.К. Тоқаевтың саяси реформасын жалғастыру ретінде қабылдады және ол мыналарға бағытталған 26 іс-шарадан тұрады:

-    әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою;

-    мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;

-    адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

-    қылмыстық сот төрелігі, орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары;

-    бірігу еркіндігі құқығы;

-    пікір білдіру еркіндігі құқығы;

-    адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;

-    үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;

-    БҰҰ-ның шарттық органдары және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жоспарды іске асыру жөніндегі үйлестіруші мемлекеттік орган болып табылады.

Бүгінгі күні жоспардың 26 іс-шарасының 19-ы орындалды. 2021 жылғы маусымнан бастап 6 Заң, 10 өзге де нормативтік құқықтық акт қабылданды,
2 Заң жобасы әзірленді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге ала отырып, барлық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу азаматтық қоғамның қатысуымен талқыланды.

Төменде Жоспардың жеке бөлімдерін қарастырамыз.

Әйелдеге қатысты кемсітушілікті жою

Жоспарды іске асыру үшін Әйелдердің еңбегін пайдалануды шектейтін жұмыстардың тізімі жойылды.

2021 жылғы 12 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №67-VII Заңға қол қойылды, онда Тізімнің күшін жою туралы норма бар, бұл әйелдердің барлық жұмыстарға, оның ішінде өнеркәсіп, көлік және құрылыс, технологияның құлдырауына, өндірісті автоматтандыруға және жабдықты модернизациялауға байланысты салаларындағы жұмыстраға қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы оларды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

Аталған шара кәсіптерді ерлер мен әйелдерге бөлуді болдырмауға және тиісінше жұмысқа жалдау кезінде гендерлік кемсітушілікті жоюға бығытталған.

Мұндай тізімнің болуы ерлер мен әйелдердің жалақы деңгейінде айтарлықтай алшақтық тудыратынын түсіну қажет. Мысалы, 2019 жылғы деректерге сәйкес Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақысы арасындағы орташа айырмашылығы 33-35 % құрады. Ресей Федерациясында ұқсас тізіммен көрсеткіш 23-35 %, ал мұндай тізім жоқ АҚШ-та айырмашылық 11-23 % құрады[5].

Мүгедек адамдарға қатысты адам құқығы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, 2011 жылғы жағдай бойынша бір миллиардтан астам адам, яғни халықтың 15 %-ға жуығы мүгедектіктің бір немесе басқа нысаны болған[6] және тек 5 %-да бұл мүгедектік формалары туа біткен. Мүгедектігі бар адамдардың 80 %-ы БҰҰ идаму бағдарламасына сәйкес дамушы елдерде тұрады[7].

Қазақстан қоғамда толыққанды өмір сүру құқықтары ның теңдігін тану және оларды оңалту мен қоғамға әлеуметтік интеграциялау үшін нақты жағдайлар жасау мақсатында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау мәселесіне ерекше назар аударады.

Мәселен, жоспрады орындау үшін «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар егізу туралы» Заң жобасы әзірленді, онда мүгедектігі бар адамдар мен халықтың қауқары аз топтарын құрылыс және оларды пайдалануға қабылдау саласындағы жобаларды келісуге тарту бойынша түзетулер көзделген.

Адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету

Осы бөлімінің өзектілігі, бүкіл әлемде балалар мен әйелдерді ұрлау оқиғаларының саны артып келе жатқанымен түсіндіріледі. Жоспарда Қазақстанда мұндай жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар іс-шаралар көзделген.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасына адам саудасының құрбандары болған шетелдіктерге арнаулы әлеуметтік қызыметтер көрсету жөніндегі нормалар енгізіледі.

Сондай-ақ, Станбул хаттамасының және БҰҰ Палерм хаттамасының ережелерін ескере отырып, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау өлшемшарттарын өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін ІІМ, БҒМ, ДСМ және ЕХӘҚМ бірлескен бұйрығына қол қойылды.

Оқыту семинарлары аясында үлкен жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ақпараты бойынша, 2021 жылы Өңірлік хаб алаңында
1 769 құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызыметкерлері үшін Интерполдың және БҰҰ-ның қылмыстарды төргеу жөніндегі бөлімшелерінен 77 шетелдік сарапшыны тарта отырып 40 оқыту іс-шара өткізілді. Жұмысқа ТМД-ға қатысушы елдер прокуратураларының  және халықаралық ұйымдардың өкілдері ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесі, БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы да қатысты.

Іс-шаралардың бір бөлігі ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы офисінің, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының және АҚШ-тың Қазақстан Респудликасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

2022 жылы 631 құқық қорғау және мемлекеттік орандардың қызыметкерлері мен үкіметке емес ұйымдардың өкілдері үшін 21 оқыту іс-шара өткізілді.

Қылмыстық сот төрелігі, орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары

Бұл бөлімде сотталғандардың құқықтарына ерекше назар аударылған.

Сотталғандарды және тергеу камауындағы адамдарды медициналық қамтамасыз ету функцияларын ішкі істер министірлігі жүйесінен Денсаулық сақтау министірлігінің қарауына кезең-кезеңімен беру жүзеге асырылатын болады.

Бұл азаматтық секторда сотталғандар тексерудің, диагностиканың және емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне неғұрлым кең қол жеткізе алатындағына байланысты. Бағдарлама медицина қызыметкерлерінің мекеме әкімшілігінен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді және рұқсат етілмеген жұмыс әдістерінің мүмкін фактілерін жоюға жағдай жасайды.

Сондай-ақ, пенитенциарлық мекемелерде және полицияның қызыметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде жаппай бейнебақылау енгізу жоспарлануда. Бұл шара сотталғандардың қауіпсіздігін және аталған мекемелердегі құқық бұзушылықтарды барынша азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2021 жылғы 7 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды. Азаматтардың әлеуметтік осал топтарына: ардагерлерге, кәмелетке томағандарға, әйелдер мен егде жастағы еркектерге, мүгедек адамдарға, сондай-ақ қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін басқа да адамдарға ерекше назар аударылды, 1 мыңға жуық адам босатылды.

Бірігу еркіндігі құқығы

Дін саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында 2021 жылғы
29 желтоқсанда діни бірестіктерді тіркеу тәртібін оңайлатуға, діни іс-шараларды өткізуге рұқсаттан хабарламалық сипатқа көшуге, психологтарды, әлеуметтанушыларды және басқа да мамандарды дінтану сараптамасын жүргізуге тартуға бағытталған, сондай-ақ «діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» терминін нақтылауды қамтитін өзгерістер қамтылған Заң қабылданды.

Осылайша, дін саласындағы заңнаманы оңайлату жөніндегі өзгерістер сенім бостандығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ бейбіт діни бірлестіктер тарапынан билік институттарына сенім деңгейін арттырады.

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жеңілдету үшін коммерциялық емес ұйымдардың салық есептілігін ұсыну мерзімі тоқсан сайыннан жарты жылға қысқартылды.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің шарттық органдарымен және арнайы рәсімдерімен өзәра іс-қимыл тетіктерін жетілдіру

2022 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарың сұрау салулары мен пайымдауларын қарау тетігі іске қосылды. Бұл тетік бойынша, сұрау салулар мен пайымдауларды Ведомствоаралық жұмыс тобы алқалы түрде қарайды, котерілген мәселелерді объективті және жан-жақты шешуге ықпал ететін шағым авторының сұрау салулары мен ойларын қарау процесіне тартуға мүмкіндік беріледі.

Жүргізілген жұмыс Республиканың адам құқықтары саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауы және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл деңгейін арттыру үшін құқықтық негіз болады.

Қорытындысында Жоспарды орындау нәтижелері адам құқықтарының ахуалына оң әсер ететіні күтіледі, бұл өз кезегінде Қазақстандық қоғамның өміріне оң әсерін тигізетін болады.

Бұл, ретте берілген бағыттағы жұмыс жалғасуда және жүргізіліп жатқан жұмысты, қоғамның реакциясын және халықаралық тәжірибені ескере отырып, заңнамалық база мен құқық қолдану практикасын жақсарту және одан әрі жетілдіру жөнінде жаңа шаралар әзірленіп, қабылдануда.

[1] Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж.

[2] Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы.

[3] «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы». Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 9 маусымағы № 597 Жарлығы.

[4] «Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 405 қаулысы.

[5]Сячихин М.И., Шишанин М. А. «Әйелдердің жұмысына тыйым салынған зиянда және қауіпті кәсіптердің тізіміне негізделген мемлекеттердің салыстырмалы талдауы. Контентус. 2019.

[6]  ДДҰ, «мүгедектік және денсаулық мәселелері жөніндегі Бюллетень» № 352, 2011. URL: www.who.int/mediacentre/factsheets/fs352/en/index.html

[7]БҰҰ, 2008, «Даму күн тәртібінде мүгедектік мәселелерін үйлестіру: (E/ CN.5/2008/6)». URL: www.un.org/disabilities/documents/reports/e-cn5-2008-6.doc

Дата публикации
01 августа 2022
Дата обновления
01 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы