Меню

Страницы

Статья

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасында асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы сұрақтар мен жауаптар».

  1.  

    1. Қандай құжат болған жағдайда өнімді иеліктен шығаруға болады?

    Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн асыл тұқымдық куәлік болған жағдайда рұқсат етiледi (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N278 Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңының 6-бабы).

    1. Асыл тұқымды өнімді импорттау және экспорттау кезінде рұқсат беру құжаттары қажет пе?

    Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты уәкiлеттi орган берген ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк болған кезде жүзеге асырылады. Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты ветеринариялық сертификат және белгіленген тәртіппен танылған, экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжат болған кезде жүзеге асырылады. Ұрықтың импортын одан әрі өткізу мақсатында асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N278 Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңының 9-бабы).

    1. Заңды тұлғалар асыл тұқымды мал өсіру үшін жер ала алады ма?

    Жер учаскелерi мен су тоғандары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден асыл тұқымды мал өсiру үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiледi (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N278 Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңының 8-бабы).

    1. ҚР-да асыл тұқымды малдың импортын қалай жасауға болады?

    Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты ветеринариялық сертификат және белгіленген тәртіппен танылған, экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжат болған кезде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы   9 шiлдедегi N278 Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңының 9-бабы).

    1. Мал шаруашылығы үшін субсидиялар кімге төленеді?

    Субсидиялар тауар өндірушілерге төленеді (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 108 бұйрығының 2-тарауының 9-тармағы).

    1. Ауыл шаруашылығы жануарларын жол арқылы айдауға бола ма?

    Мыналарға өзге жолдар болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларын асфальт төселген және цементпен бетондалған жолдармен айдап өтуге жол берілмейді (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2020 жылғы 29 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 145 бұйрығының 6-тармағының 8) тармақшасы).

    1. Халыққа ауылшаруашылық малдарын жаюға арналған жайылымдарды кім береді?

    Елді мекендер шегінде жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдарды беру аудандақ маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен, ал аудан, облыстық маңызы бар қала шегінде - Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес ауданның облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 145 бұйрығының 14-тармағы).

    1. Өнімді одан әрі өткізу үшін ауылшаруашылық жануарларын қайда сою керек?

    Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген ветеринариялық қағидалар сақтай отырылып, Заңның 8-бабының 44) тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларға және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12208 болып тіркелген) бекітілген жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық талаптарға сәйкес келетін сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» № 7-1/370 бұйрығының 5-тармағы).

    1. Малды сойғаннан кейін санитарлық тексеруден өту керек пе?

    Сою алаңында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында) ауыл шаруашылығы жануарларын сою нәтижесінде алынған ұшалар мен ағзалар өткізу алдында ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтеді (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» № 7-1/370 бұйрығының 8-тармағы).

    1. Ауылшаруашылық жануарларын чиптеу үлгілерін қайдан көруге болады?

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) үлгілері – радио жиілікті белгісі бар сырғалар, чиптер, болюстар www.icar.org сайтында ISO 11784 және ISO 11785 стандарттарына сәйкестігіне сертификатталған ICAR құрылғыларының RFID кестесінде жарияланады (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» № 7-1/68 бұйрығының 4 қосымшасының 2) тармақшасы).

    1. Жылқы үшін таңбаларды қалай дұрыс және қайда қолдануға болады?

    Таңба басу ыстық немесе суық тәсілдермен жүзеге асырылады. Жылқыны және тақ тұяқты жануарларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына таңба дененің сол жағына жамбас аумағына салынады.

    Жылқыларға және тақ тұяқты жануарларға таңба денесінің сол жағына жауырын (клеймо) және жамбас аумағына (реттік нөмір) немесе тек жамбас аумағына (клеймо және реттік нөмір) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес салынады (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» № 7-1/68 бұйрығының 11-тармағы).

    1. Қазіргі уақытта ҚР-дан қойларды экспорттауға болады ма?

    Қазақстан Республикасының аумағынан тірі ірі қара мал (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды 0102), тірі қойлар мен ешкілер (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзіміне тыйым салынсын (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 4 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 10 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» № 20 бірлескен бұйрығының 1-тармағы).

    1. Ауылшаруашылық жануарларын вакцинациялау міндетті ме?

    Асыл тұқымды жануарларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарларын өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, келесіні қамтамасыз ету қажет: ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы маңызы бар және үй жануарларын уақытылы диагностикалаудан және вакцинациялаудан өткізуді қамтамасыз етуі (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы» № 16-02/701 бұйрығының 4-тармағының 2) тармақшасы).

    1. Әр түрлі жануарларды бір тіркемеде тасымалдауға болады ма?

    Әр түрлі жануарларды тасымалдау жеке түрде жүзеге асырылады, тек бір-бірімен табиғи жанасатын немесе бір-біріне бейтарап болатын түрлерінен басқа (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы» № 16-02/701 бұйрығының 14-тармағы).

Дата публикации
04 июля 2022
Дата обновления
04 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы