Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдер әуелеті

БҰҰ-ның баяндамасына сәйкес, әйелдердің қоғамдағы орны мен рөлі мәселесі қазіргі заманның жаһандық экологиялық және экономикалық проблемаларынан кейін екінші орында тұр. Жасыратыны жоқ, бұған дейінгі гендерлік саясат кез келген жолмен әйелдерді ілгерілетуді басты орынға қойып келді. Дегенмен қазір әлемде «Гендерлік теңдік стратегиясы» белең алуда. БҰҰ құптаған бұл қағидаттың бұрынғыдан айырмашылығы сол, ол әйелдердің мүддесін алға бастыру үшін ерлерді төменшіктетуді, кемсітуді емес, барлық жыныс өкілдеріне тең мүмкіндіктер туғызуды көздейді. Тек әйелдердің ғана емес, ерлердің де құқықтары мен мүмкіндіктеріне неғұрлым тең қарауға мүмкіндік береді. Сондықтан дамыған елдерде феминистер қозғалысына қатысты ұйымдар не жабылуда, немесе ерлердің, басқаларының да құқықтарын қоса қорғауға қайта бағдарланып жатыр.

Қоғам мен саяси өмірдегі әйел рөлі мен теңдігі – маңызды мәселе. Әсіресе, әйелдерді төмендетпей, кемсітпей, керісінше мол мүмкіндіктер сыйлау дамыған елдердегі тенденцияға айналған. Қазақстан да осы бағытта бірқатар жұмыс жүргізіп келеді. Ендеше еліміздегі әйелдердің әуелеті мен әлеуетіне нақтылай тоқталсақ.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында гендерлік саясатты жүзеге асыруда бірқатар жетістіктерге жетті.

Елімізде гендерлік саясатты тиімді іске асыру үшін институционалдық және нормативтік құқықтық негіз құрылды. Қазақстан қоғамының тыныс-тіршілігінің барлық салаларында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін жоғары мемлекеттік деңгейде гендерлік саясат институты-Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды және табысты жұмыс істеуде. 

Жергілікті жерлерде Комиссияның өңірлік өкілдіктері жұмыс істейді. Парламент «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заңдар қабылдады. Бұл заңдардың қолданылуы, ең алдымен, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында гендерлік теңдік үшін жағдайлар жасауға қатысты негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілеуге бағытталған.

Гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетуде әйелдердің қатысу институттары – әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары маңызды рөл атқарды, олардың саны тәуелсіздік жылдары айтарлықтай өсті. Бұл көбінесе азаматтық бастамаларды мемлекеттік қолдау шараларымен және әйелдердің мүдделерін ілгерілетуге мемлекеттің мүдделілігімен байланысты.

Қазақстанда ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді. Мемлекетімізде бүгінде әйелдердің лидерлік қасиеттерін арттыру және оларды қоғамдық өмірге, саясатқа, шешім қабылдау процестеріне тиімді қатыстыру, әйелдер бизнесін дамытуға, олардың несиеге, ресурстар мен активтерге қол жеткізуіне жәрдем көрсету, аналарды әлеуметтік қорғауды күшейту міндеттері тұр.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы гендерлік саясаттың негізгі қағидаттары, басымдықтары мен міндеттері 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында айқындалған. 2019 жылы тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңі аяқталды, оның қорытындысы бойынша гендерлік теңдікке қол жеткізу саласындағы ұлттық және халықаралық тәжірибені, қазақстандық қоғамның діни және мәдени ерекшеліктерін жан-жақты ескеретін Қазақстан Республикасында жүйелі және талап етілетін гендерлік саясатты мақсатты жүргізуді атап өтуге болады.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына 2022 жылғы 7 ақпанда депутаттық мандаттарды партиялық тізімдер бойынша дауыс берудің қорытындыларына қарай бөлу бойынша өзгерістер еңгізілген болатын. Бұдан былай депутаттық мандаттарды бөлген кезде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың саны партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Қазақстандық әйелдер қоғамымыздағы бейбіт тірлік пен берекелі бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің аса зор ұйытқысы болып отырғаны мәлім. Қазақ халқының осы заманға аман-есен жетуі, ұлт болып ұйысуы ең алдымен аналардың арқасы десек, артық болмас. Жаугершілікте ерлермен бірге қолына қару алып, атқа қонған, бейбіт кезеңде бесік тербетіп, ұрпағын өрбіткен әжелеріміз бен аналарымыздың бойындағы сол жақсы қасиеттер бүгінгі ұрпақта жалғасын тауып, бейбіт заманды қазақ әйелдері ұрпақ өрбітуге белсенді пайдаланып жатқаны қуантады.

 

  • «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңы;
  • ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы;
  • «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Мемлекет Басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 831 қаулысымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі Қазақстан Республикасының үшінші кезеңдік Ұлттық баяндамасы.

 

 

 

Орындаған: ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің сарапшысы Қасен Айкүнім Шешенғарақызы.

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы