Меню

Страницы

Статья

Тақырыбы: «Заңшығармашылықты ақпараттық сүйемелдеу туралы»

 

2019 жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы өз Жолдауында: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.» - деп жария етті.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан
заң шығару жұмысының барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында заң жобалары мен қабылданған заңдар бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру, сондай-ақ азаматтарды жаңа нормаларға алдын ала дайындау жөніндегі талаптар күшейтілді.

Заң шығару жұмысының маңызды кезеңдерінің бірі заң жобалары мен қабылданған заңдарды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру болып табылады.

Мәселен, 2021 жылғы 12 наурызда қабылданған нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері жөніндегі заңда заң жобалары мен қабылданған заңдарды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жаңа тәсілдер көзделген.

Қазіргі уақытта әрбір әзірленген заң жобасы мен қабылданған заңға ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламалары бекітіледі.

Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы дегеніміз не және оны қалай білуге болады?

Тұтастай алғанда, бағдарлама азаматтарды заңнамадағы олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын алдағы не заңнамаға енгізілетін өзгерістер туралы хабардар ету және оларды түсіндіру жөніндегі іс-шаралар тізбесін қамтиды.

Мысалы, бұл заң жобасы мен қабылданған заңның негізгі ережелерін түсіндіретін онлайн-пікірталастар, мақалалар, бейнематериалдар болуы мүмкін.

Сондай-ақ медиа-өнімдерді (ақпараттық кестені, бейнероликтерді) дайындау және мемлекеттік органдарының өз ресурстарында, бірінші басшылардың әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларда орналастыру, заң жобасын/қабылданған заңның сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру, әлеуметтік желілердегі онлайн-алаңдарда заң жобасының/қабылданған заңның тақырыбын талқылау, Орталық коммуникациялар қызметінің түсіндіру жөніндегі брифингтерін ақпараттық сүйемелдеу, республикалық және өңірлік телеарналардың бағдарламаларында сұхбаттарды талқылауды, сондай-ақ ақпараттық және талдамалық материалдардың интернет-ресурстарда шығаруды ұйымдастыру және т.б.

Осылайша, жаңа енгізілімдер осы бағдарламаны енгізу нәтижесі халыққа «қарапайым тілмен» толыққанды түсіндіру жұмысына ғана байланысты болады.

Айта кету керек, жаңа талаптар үкіметтің бастамасымен әзірленген заң жобаларына ғана қатысты.

Дата публикации
30 июня 2022
Дата обновления
30 июня 2022
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы