Меню

Страницы

Статья

Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару дегеніміз не?

Авторлардың, орындаушылардың, өндірушілердің және өзге де Авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүліктік құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында заңнамамен мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (ҚҰБҰ, авторлық ұйымдар) құру көзделген.

ҚҰБҰ тиісті құқықтарды ұжымдық негізде басқару жүктелетін коммерциялық емес ұйым болып табылады. Осылайша, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның коммерциялық қызметпен айналысуға, сондай-ақ ұжымдық негізде басқару үшін алынған туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асыруға құқығы жоқ. Демек, мұндай ұйым кіріс алу және оны қатысушылар арасында бөлу түрінде мақсат қоймайды.

Аталған ұйымның қызметін басқаруды авторлық және сабақтас құқықтардың иелері өзі басқаратын мүліктік құқықтармен, яғни авторлар мен құқық иеленушілермен жүзеге асырады.

Мәселен, авторлардан, олардың мұрагерлерінен немесе өзге де Авторлық және сабақтас құқықтар иелерінен алынған өкілеттіктер негізінде ҚҰБҰ пайдаланушылармен туындылар мен объектілерді пайдаланудың тиісті тәсілдеріне лицензиялық шарттар жасасады.

Бұл ретте осындай лицензиялық шарттардың талаптары бір санаттағы барлық пайдаланушылар үшін бірдей болуы тиіс екенін атап өтеміз. Аталған ұйымдардың пайдаланушыға лицензиялық шарттар жасасудан жеткілікті негіздерсіз бас тартуға құқығы жоқ.

Авторлық ұйым өзі өкілі болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің атынан және олардан алынған өкілеттіктер негізінде мынадай функцияларды орындауға тиіс:

- осындай ұйым басқаратын құқықтарды пайдалануға пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасу;

- сыйақы мөлшерін және лицензиялық шарттар жасалатын басқа да шарттарды пайдаланушылармен келісу;

- лицензиялық шартта көзделген сыйақыны жинау;

- өзі ұсынатын авторлық және сабақтас құқықтар иелеріне жиналған сыйақыны бөлу және төлеу;

- осындай ұйым басқаратын құқықтарды қорғау үшін қажетті кез-келген заңды әрекеттерді жасау.

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым өз міндеттері шеңберінде сыйақы төлеумен бір мезгілде авторлық және сабақтас құқықтар иелеріне олардың құқықтарының пайдаланылуы туралы, оның ішінде жиналған сыйақының мөлшері туралы және одан ұсталған сомалар туралы мәліметтерді қамтитын есептер беруге тиіс.

Ұжымдық басқару саласындағы қызметті жүзеге асыруға үшінавторлық ұйымдар Әділет министрлігінде аккредиттеу туралы куәлік алуға құқылы

ҚҰБҰ-ны аккредиттеу ерікті болып табылатынын және оны уәкілетті орган ұйымның өтініші негізінде жүзеге асыратынын атап өтеміз.

Аккредиттеудің болуы авторлық ұйымдарға пайдаланушылардан онымен құқықтарды басқару туралы шарт жасаспаған құқық иеленушілердің пайдасына сыйақы жинауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда барлығы осындай 13 ұйым бар.

Қазіргі уақытта 3 ҚҰБҰ аккредиттелді:

- «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйым жеке мекемесі;

- «Қазақстандық авторлық қоғам» Республикалық қоғамдық бірлестігі;

- «Еуразиялық құқық иеленушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі.

2022 жылғы 20 маусымда Мемлекет басшысы мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Өз кезегінде бұл заң мыналарды көздейді:

- Авторлардың немесе құқық иеленушілердің құқықтарын ұжымдық басқаруға  бір ғана ҚҰБҰ-ға немесе көлемі, аумағы және басқару салалары бойынша шектеумен бірнеше ҚҰБҰ-ға беруді;

- ұйымдарға  аккредиттеуден бас тарту үшін негізіндемелер келесі екі жылдық кезеңде Заңда көзделген міндеттердің орындалмауына байланысты куәлік беруден бас тартылды;

-пайдаланушылармен жасалатын шарттар туралы ақпаратты ҚҰБҰ интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі міндет, мқұнк-ның мүдделердің өзара өкілдігі туралы шарттар жасасу жөніндегі міндеті толықтырылады;

- барлық құқық иеленушілерге ҚҰБҰ қызметіне қатысты ақпаратқа автоматтандырылған қол жеткізуді қамтамасыз етуге ҚҰБҰ міндетін енгізу;

- авторлық ұйымдарға  аккредиттеуден бас тарту үшін негізіндемелер келесі екі жылдық кезеңде Заңда көзделген міндеттердің орындалмауына байланысты куәлік беруден бас тартылды;

- авторлық ұйымның жалпы жиналыстың өткізілетін күні туралы хабардар ету және оған уәкілетті органның өкіліне қол жеткізужөніндегі міндеттерін;

- нақты шығыстарды жабуға арналған және арнайы қорларға жіберілетін соманы нақтылау (жиналған сыйақының жалпы сомасының 30% - ынан аспауы тиіс).

Заң зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғау саласын күшейтуге және ұлттық заңнаманы халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған.

 

Дата публикации
29 июня 2022
Дата обновления
29 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы