Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Еңбек шарты:
1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;
2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін (Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 31-бабы).
Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;
2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді (Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 69-бабының 1-тармағы).
Сағат 22-ден 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Түнгі уақыттағы жұмысқа: он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер жіберілмейді (Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 69-бабының 1-2-тармақтары).
Медицина қызметкерлерін қоспағанда, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа орналастыруға жол берілмейді (Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 26-бабының 2-тармағының 5-тармақшасы).
Қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы (Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 1-бабының 1-тармағының 56) тармақшасы).
Үстеме жұмыс – жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық) тыс орындайтын жұмыс (Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 1-бабының 1-тармағының 80-тармақшасы).
Үстеме жұмысқа он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер жіберілмейді (Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 77-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы).
Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді, жүктілігі туралы анықтаманы жұмыс берушіге берген жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейді (Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 95-бабының 4-тармағы).
Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүкті әйелдер, сондай-ақ мүгедек жұмыскерлер үшін мұндай жұмысқа медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған болса, оларды іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте, аталған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы (Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 127-бабының 4-тармағы).
Вахталық әдіс жұмыскерлердің тұрақты тұратын жеріне күнделікті қайтып келуі қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады (Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 135-бабының 1-тармағы).
Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүктілігі туралы анықтама берген, он екі және одан көп апта жүктілік мерзіміндегі жүкті әйелдер, бірінші топтағы мүгедектер медициналық қорытындыны ұсынған күннен бастап жіберілмейді. Өзге жұмыскерлер, егер медициналық қорытындылар негізінде мұндай жұмыстардың оларға қарсы көрсетілімі болмаса, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкін (Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 135-бабының 3-тармағы).
Он сегіз жасқа толмаған азаматтармен ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ мүліктің сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық жауапкершілігін көздейтін лауазымдар мен жұмыстарға еңбек шартын жасасу. және жұмыс берушінің басқа да құндылықтары, сондай-ақ орындауы олардың денсаулығы мен моральдық дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстар үшін (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өндіру, тасымалдау және сату) заттар мен прекурсорлар) рұқсат етілмейді (Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 26-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы).
Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі – лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 маусымдағы No 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекісінің 86-бабының 1-тармағы).
Жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады.
Жұмыс берушінің немесе қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген қалыпты және қысқартылған жұмыс уақытын және күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) ескертуден кейін бір жыл ішінде қайталап заңсыз асырып жіберуі, лауазымды адамдарға айыппұл салуға әкеп соғады. қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 маусымдағы No 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекісінің 89-бабы).