Меню

Страницы

Статья

Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы

Өмірдегі әртүрлі себептер бойынша азаматтар жеке деректерін өзгерту қажеттілігіне байланысты көптеген жағдайларға тап болады – тегі, аты, әкесінің атындағы (бұдан әрі – Т.А. Ә.) жіберілген қателіктерге, дәлсіздіктерге байланысты немесе жұбайының тегін, атасының немесе әкесінің атымен тегін өзгерту, басқа негіздер бойынша өзгерту ниеті болуы мүмкін.

Осы кезде  «қалай өзгерту немесе түзетуге болады, ол үшін қайда бару керек?» деген сұрақтар туындайды. Бұл мақалада жиі кездесетін сұрақтарға жауап беруге тырысамыз және толығырақ айтып кетеміз.

Он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Т.А.Ә. өзгерте алады.

16 жасқа дейінгі балалардың Т.А.Ә. өзгерту үшін өтінішпен заңды өкілдері, яғни баланың ата-аналары жүгінеді. Ал он жастан бастап баланың жеке деректерін өзгерту үшін оның келісімі талап етіледі.

«Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 257-бабында Т.А.Ә. ауыстыру үшін негіздердің толық тізбесі көзделген.

Азамат Т.А.Ә. өзгерту туралы жеке өзі өтініш бере отырып, мынадай себептер бойынша деректерді:

- Т. А. Ә. оғаш естілуі немесе айтуға қиын болған жағдайда;

- жұбайымен ортақ текте немесе некеге дейінгі тегін алу ниеті болса;

- бұрынғы некедегі (ерлі-зайыптылықтан) ортақ балаларымен немесе жұбайы қайтыс болған жағдайда оның Т.А.Ә. ауыстыру ниеті болса;

- ата-анасының бірінің ұлтына сәйкес өтініш беруші таңдаған аты және (немесе) тегіне ауыстыру ниеті болса;

- құжаттардағы есімнен өзгеше өмірде қалыптасқан Т.А.Ә. өзгерту ниеті;

- ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының аты бойынша тегін өзгерту;

- өтініш берушіні нақты тәрбиелеген адамның тегі және аты бойынша тегін және (немесе) әкесінің атына өзгерту;

- хирургиялық жолмен таңдалған жынысқа сәйкес Т.А.Ә. өзгерте алады.

Т.А.Ә. ауыстыру, өзгерту, түзету үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға (АХАТ) өтініш беруге болады, сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ға өтініш беруге не «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық нысанда өтініш жіберуге болады.

Т.А.Ә. ауыстыру туралы өтініште міндетті түрде таңдалған Т.А.Ә. және оларды өзгеру себептері көрсетілуі және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер (туу, неке қию немесе некені бұзу туралы) өтініш берушінің Т. А. Ә. ауыстыруды сұраған себептерін растайтын құжаттар және өтініш берушінің екі фотосуреті қоса берілуі тиіс.

Т.А.Ә. ауыстыру мәселесі күрделі санаттағы істерге жатады, өйткені азаматтардың сауалнамалық деректерін өзгертуді көздейді. Мұндай өтінішхаттарды қарау рәсімі тиісті тексерулер жүргізуді, оның ішінде шет мемлекеттердің АХАЖ органдарының мұрағаттарынан оларды беру негіздерін (актілер жазбаларының көшірмелерін) талап ету арқылы ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына тексеру жүргізуді талап етеді. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген азаматтық хал актілері "АХАЖ" ақпараттық жүйесінде тексеріледі.

Өзгертуді мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін өзіне қатысты өзгерту жүргізілген адамға Т.А. Ә. өзгерту туралы куәлік беріледі.

Тіркеу туралы бастапқы акт жазбасы, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған кезде және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеуші орган жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау болған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселелері медиация тәртібімен немесе сот тәртібімен шешіледі.

Сондай–ақ, «Ұлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 02.04.1996 жылғы №2923 Жарлығына сәйкес ұлты қазақ азаматтар өздерiнiң тегi мен әкесiнiң атының жазылуын қазақ тiлiне тән емес аффикстi алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегi мен әкесiнiң атының түбiрлiк негiзi сақталуға тиiс.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке басының куәлігін берген кезде құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, тегі мен әкесінің атының жазылуын оңайлатылған тәртіппен, азаматтық хал-ахуалын жазу актілеріне өзгерістер енгізусіз жүргізеді.

Жарлық негізінде жеке басын куәландыратын құжаттарды алған азаматтарға азаматтық хал актілеріне өзгерістер енгізу талап етілмейді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні қолданыстағы заңнамадан Т.А.Ә. өзгерту ретінде мемлекеттік тіркеу түрін алып тастау жолымен Т.А.Ә. ауыстыру рәсімін оңайлату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, Т.А.Ә. өзгерткеннен кейін қандай мәліметтер өзгертілетініне байланысты, туу туралы немесе неке туралы куәлік беріледу, одан кейін жеке басты куәландыратын құжатты ауыстыру қажет.

Екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында, Kaspi.kz, Халық цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігі бар, оның ішінде, туу, неке қию және бұзу туралы, Т.А.Ә. өзгерту туралы куәліктері.

Өзіне немесе кәмелетке толмаған балаларға қатысты дұрыс емес мәліметтер анықталған немесе құжаттар болмаған кезде «электрондық үкімет» порталының басқы бетінде «Жеке тұлғалардың актілік жазбаларын тексеру сервисінде» мәліметтерді өзектендіруге өтінім беруге болады.

 

 

Дата публикации
14 июня 2022
Дата обновления
14 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы