«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттарының бірі бәсекеге қабілеттілік болып табылады және осы қағидатты толыққанды енгізу үшін халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу қажет.
Қазақстан халқының құқықтық мәдениетін, құқықтық мінез-құлық дағдыларын және құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында, Әділет министрлігі Білім және ғылым, Ішкі істер министрліктерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру негізінде 1 млн. астам адамды қамтыған 86 мың іс-шара өткізді.
Өткізілген іс-шаралар туралы толық ақпарат Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының «Рухани жаңғыру» порталынан (https://ruh.kz), арнайы жоба әкімшіліктерінің ресми сайттарынан және әлеуметтік желілеріне орналастырылды.
Сонымен қатар, халықты тегін кеңес беру мақсатында Әділет министрлігі Құқықтық ақпараттық қызметінің 119 және 8 /7172/ 58-00-58 бірыңғай нөмірі, «What’s App» онлайн-мессенджері (+7 708 693-56-31), «Виртуальды кеңесші» чат-боты (http://adilet.zan.kz/rus), «Құқықтық кеңес алу» модулі (http://adilet.zan.kz/rus/legal_advice) жұмыс істейді.