Меню

Страницы

Статья

«Әкімшілік сот ісін жүргізу саласындағы кейбір мәселелер».

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманы және әкімшілік сот ісін жүргізуді регламенттейтін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі - ӘРПК) қолданысқа енгізілді.

Әкімшілік сот ісін жүргізуді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар жүзеге асырады.

2021 жылғы 26 қаңтардағы № 500 ҚР Президентінің «Мамандандырылған әкімшілік соттар туралы» Жарлығына сәйкес, әкімшілік әділетті енгізу үшін жаңа мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құрылды.

Төменде әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысты кейбір мәселелерді қарастыратын боламыз.

 

  1. ӘРПК-ге сәйкес сотқа қандай талаптар беріледі?

Әкімшілік сотта әкімшілік іс талап қою негізінде қозғалады.

Осы Кодекстің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сотқа өзге де жолданымдар да талап қоюлар деп түсініледі.

Мыналар сотқа берілетін талап қоюлар болып табылады:

      1) дау айту туралы талап қою;

      2) мәжбүрлеу туралы талап қою;

      3) әрекет жасау туралы талап қою;

      4) тану туралы талап қою (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы                № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 131-бабының 1-тармағы).

 

  1. ӘРПК-мен көзделген талаптар қандай мерзімде беріледі?

 

Дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.

Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі.

Әрекет жасау туралы талап қою адамға әрекеттің жасалғаны туралы мәлім болған, сондай-ақ әрекет жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткен күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.

Тану туралы талап қою сотқа тиісті құқықтық қатынас туындаған кезден бастап бес жыл ішінде беріледі.

Бұдан былай заңды күші жоқ, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні заңсыз деп тану туралы талап адамға осы акт арқылы оның құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылғаны туралы мәлім болған күннен бастап үш ай ішінде мәлімделуі мүмкін (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 136-бабының 1-3 тармағы).

 

 

 

  1. Әкімшілік іс қай мерзімде қаралады?

 

Әкімшілік іс ақылға қонымды, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімдерде қаралады және шешіледі.

Аса күрделі әкімшілік істер бойынша бұл мерзім соттың уәжді ұйғарымымен ақылға қонымды, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Сот талқылауының мерзімін ұзарту туралы ұйғарым прокурордың өтінішхаты бойынша шағым жасауға, қайта қарауға жатпайды (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 146-бабының  1-тармағы).

 

  1. Жекелеген процестік әрекеттер жасалғаны және сотқа шақырылғаны туралы қатысушылар қандай мерзімдерде хабардар етілуге тиіс?

 

Әкімшілік процеске қатысушыларға істің қаралатын немесе жекелеген процестік әрекеттердің жасалатын уақыты мен орны туралы хабарланады және тиісті ұйғарым шығарылған күннен бастап не сот талқыланатын күн тағайындалған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарламалармен (хабархаттармен) сотқа шақырылады  (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 113-бабының      1-тармағы).

  1. Жауапкердің сот талқылауына қатыспауға құқығы бар ма?

Сот талқылауы, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жауапкер міндетті түрде қатысқан кезде жүргізіледі. Жауапкер келмеген кезде сот әкімшілік істі қарауды кейінге қалдырады. Сот жауапкерге ақшалай өндіріп алуды қолдануға, ал қайта келмеген жағдайда әкімшілік істі оның қатысуынсыз қарауға құқылы.

Әкімшілік істі жауапкердің қатысуынсыз талқылауға, егер бұл әкімшілік істі толық, объективті және жан-жақты қарауға кедергі келтірмесе, жол берілуі мүмкін (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы  № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 112-бабының  1,2 -тармақтары).

 

  1. ӘРПК-де қандай процессуалдық мәжбүрлеу шараларының түрлері қарастырылған?

 

Процестік мәжбүрлеу шараларына мыналар жатады:

1) ескерту;

2) сот отырысы залынан шығарып жіберу;

3) ақшалай өндіріп алу (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы                     № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 123-бабы).

 

  1. Сот ақшалай өндіріп алуды қандай мөлшерде сала алады?

 

Ақшалай өндіріп алу жеке тұлғаға, лауазымды адамға, заңды тұлғаға не оның өкіліне он айлық есептік көрсеткіштен бастап бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қолданылады. Сот ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарым шығарады, оның көшірмесі ақшалай өндіріп алу қолданылатын адамға табыс етіледі.

Ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы мәселені қарау өзіне қатысты мәжбүрлеу шарасы қолданылатын адамға алдын ала хабарлана отырып, сот отырысында жүргізіледі (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы                           29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 127-бабының 2-тармағы).

 

  1. Ақшалай өндіріп алу қандай мерзімде төленуі тиіс, сот салған ақшалай өндіріп алуды төлеуден босатуға жол беріле ме?

 

Ақшалай өндіріп алуды төлеу ұйғарым табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және ол республикалық бюджеттің кірісіне өндіріп алынады.

Ақшалай өндіріп алу қолданылған тұлға оны төлеуден босату немесе ақшалай өндіріп алу мөлшерін азайту туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге құқылы.

Арыз сот отырысында арыз иесін шақырта отырып қаралады.

Ақшалай өндіріп алу қолданылған кезде сот ұйғарымның орындалуын кейінге қалдыруға немесе екі айға дейінгі мерзімге бөліп төлеуді беруге құқылы (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 127-бабының 6-8 тармақтары).

 

  1. ӘРПК-де татуластыру рәсімдері қарастырылған ба?

 

Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

Әкімшілік қалау – әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттігі.

Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді.

Бұл ретте әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мөлшерлес, яғни жарамды, қажетті және пропорциялы болуға тиіс (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы                               29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 120-бабының 1-тармағы, 4-бабының 1-тармағының 6)тармақшасы,                                 10-бабының 1-тармағы).

 

  1. Жауапкер ӘРПК шеңберінде сот шешімін қандай мерзімде орындауға міндетті?

 

Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде сот орындау үшін жауапкерге жібереді.

Жауапкер әкімшілік іс бойынша соттың шешімін заңды күшіне енген күнінен бастап бір ай мерзімде орындауға міндетті, ол туралы сотқа хабарлауға тиіс (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 171-бабының 1-2 тармақтары).

 

  1. Сот шешімі ӘРПК тәртібінде орындалмаған жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылған?

 

Егер соттың шешімінде белгіленген мерзімде ол ерікті түрде орындалмаған жағдайда, он айлық есептік көрсеткіштен бастап бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қолданылады.

Соттың шешімін, ақшалай өндіріп алу туралы соттың ұйғарымын орындамау даусыз тәртіппен он айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылған мөлшерде қайтадан ақшалай өндіріп алуға алып келеді (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 171-бабының                    3-4 тармақтары).

Жауапкерді ақша сомасын төлеуге міндеттейтін, ерікті түрде орындалмаған соттың шешімі атқару парағының негізінде мәжбүрлі түрде орындалады, ол талап қоюшының арызы бойынша жазып беріледі (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің                             172-бабының  1-тармағы).

 

Дата публикации
18 января 2022
Дата обновления
18 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы