Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау бойынша
жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар
1) Тіркелген авторлық құқық объектілерінің тізбесімен қайдан танысуға болады?
Жауап:
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ны авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізеді және оған қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
https://copyright.kazpatent.kz сілтемесі бойынша Тізілім ашық және қол жетімді болып табылатындығын назар аударамыз.
Тізілімде куәліктің нөмірі бойынша, өтініштің түскен күні, куәліктің тіркелген күні, автор туралы мәліметтер, объектінің атаулары, объектінің түрлері және оның құрылған күні бойынша іздеу жүргізілуі мүмкін.
2) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтері енгізілген туындылар даналарының көшірмелерін алуға бола ма?
Жауап:
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 8-тармағына сәйкес құжаттардың көшірмелері, тиісті туындының бір данасы және (немесе) оның сипаттамасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға автордың келісімімен беріледі.
3) Банкроттық іс жүргізу бойынша іс-шараларды жүргізу қажеттілігіне байланысты КК/АА/ЖЖЖЖ-дан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде заңды/жеке тұлға үшін зияткерлік меншікке тіркелген құқықтардың болуы (болмауы) туралы ақпарат беруіңізді сұраймын?
Жауап:
Тіркелген зияткерлік меншік объектілері (тауар таңбалары, өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар) туралы ақпаратты «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК www.kazpatent.kz ресми сайтының «Мемлекеттік тізілім» бөлімінен алуға болады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейтініне назар аударамыз.
Қосымша ақпаратты сараптамалық ұйымнан (010000, Мәнгілік Ел даңғылы, 57/А, Нұр-Сұлтан қаласы) мына телефондар арқылы: +7 7172 62-15-15, 62-15-16, 62-15-91 немесе kazpatent@kazpatent.kz электрондық мекенжай бойынша алуға болады.
4) Тіркелген тауар таңбасының тауарларын Еуразиялық экономикалық одақ шегінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге және алыс шетелге экспорттау кезінде шектеулер бар ма?
Жауап:
Тауар белгілеріне құқық аумақтық сипатта болады. Яғни, тауар белгілерін құқықтық қорғау тек тіркелген мемлекетте ғана қолданылады.
Бұл ретте, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кез келгенінің аумағында айналымға құқыққа сыйымды енгізілген тауарларға қатысты осы тауар белгісін тікелей тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе оның келісімімен басқа да тұлғалардың пайдалануы тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу болып табылмайды.
Осылайша, тіркелген тауар белгісінің өнімін Еуразиялық экономикалық одақ шегінде экспорттау кезіндегі шектеулер, оны Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымға заңды түрде енгізген жағдайда қолданылмайды; Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерлерге экспорттау кезіндегі шектеулер аумақтылық принципіне байланысты әрбір мемлекетте қолданылады.
5) Таңбаларды халықаралық тіркеу жүйесінде қандай артықшылықтары бар?
Жауап:
Мадрид жүйесі таңбаларды халықаралық тіркеуге қарағанда әмбебап шешімі және оларды басқару болып табылады. Тауар таңбаларды халықаралық тіркеудің негізгі артықшылықтары:
6) Өнертабысқа құқықтық қорғау алу үшін қандай талаптарға сәйкес келу қажет?
Жауап:
Өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады.
«Қазақстан Республикасының Патент Заңы» ҚР Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi.
Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс жаңа болып табылады. Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады.
Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды.
Егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп табылады.