Меню

Страницы

Статья

Жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібі мен мерзімдері

Әділет министрлігі тұрақты негізде жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңдарда белгіленген.

Қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің                2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында белгіленген.

Жоғарыда көрсетілген Ережелердің мәтінімен мына сілтемелер арқылы таныса аласыздар http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020610 және http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020771.

         Азаматтарда жылжымайтын мүлікті сатып алуға мәмілелерді ресімдеу бойынша таңдау құқығы бар, мысалы: пәтер сатып алуға арналған сатып алу-сату шартын ХҚКО арқылы да (нотариалдық емес мәмілелер), нотариус арқылы да рәсімдеу.

Құқық белгілейтін құжаттар қағаз жеткізгіште мемлекеттік тіркеуге түскен кезде қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрайды, ал электрондық тіркеу кезінде бір жұмыс күні ішінде (электрондық тіркеу жеделдетілген тәртіппен екі сағат ішінде) жүргізіледі.

Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын тыйым салу - ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі.

         Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды тіркеу құрылтайшылардың ЭЦҚ болған кезде тіркеуші органның қатысуынсыз бір сағат ішінде хабарлама жасау тәртібімен «электрондық үкімет» порталында жүзеге асырылады.

         Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өтініш «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы беріледі, оны тіркеуші бір жұмыс күні ішінде, Портал арқылы – бір сағат ішінде жүзеге асырады.

         Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін өтініш «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы беріледі және оны тіркеуші бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

         Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезде коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеуді көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жерінен тыс 10 жұмыс күнінен кешіктірмей әділет органдары жүзеге асырады.     

         Жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 8(7172) 95-50-38 телефоны бойынша немесе аумақтық әділет органдарына келесі телефон нөмірлері бойынша  хабарласа аласыздар:

         Атырау облысының ӘД - 8(7122)357542;

         Ақмола облысының ӘД - 8(7162)55-10-39;

         Алматы облысының ӘД - 8(7282)24-12-64;

         Ақтөбе облысының ӘД - 8(7132)56-03-36;

         Шығыс Қазақстан облысының ӘД - 8(7232)74-03-52;

         Жамбыл облысының ӘД - 8(7262)45-22-84;

         Батыс Қазақстан облысының ӘД - 8 (7112)554026;

         Қарағаныд облысының ӘД - 8(7212) 42-01-42;

         Қызылорда облысының ӘД - 8(7242)231159;

         Қостанай облысының ӘД - 8(7142)53-47-94;

         Маңғыстау облысының ӘД - 8(7292)34-34-51;

         Павлодар облысының ӘД - 8(7182)32-16-21.

         Солтүстік Қазақстан облысының ӘД - 8(7152)33-66-99;

         Түркістан облысының ӘД - 8(7253)35-84-20;

         Шымкент қ. ӘД - 8(7252)31-35-65;

         Алматы қ. ӘД - 8(7273)30-80-03;

         Нұр-Сұлтан қ. ӘД - 8 (7172)32-37-08.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 мая 2022
Дата обновления
13 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы