Меню

Страницы

Статья

Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының (бұдан әрі –Заң) 118-бабына сәйкес жеке сот орындаушысының  «бұдан әрі – ЖСО» қызметіне ақы төлеу осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, іс жүргізу шеңберінде борышкердің қаражаты есебінен жүргізіледі және 10 000 ӘЕК аспайтын шекті мөлшерін белгілей отырып, істердің санаты мен өндіріп алу сомасына қарай 3-тен 25 % дейінгі мөлшерде белгіленеді.

Баламен қарым-қатынас тәртібі туралы құжаттар бойынша ЖСО қызметіне ақы төлеу өндіріп алушыға және борышкерге бірдей үлестермен жүктеледі.

      Талап қоюды қамтамасыз ету туралы құжат бойынша ЖСО қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхат берген тараптан өндіріп алынады.

      Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы құжат бойынша ЖСО қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхат мәлімдеген және талап қоюдан бас тартылған тұлғадан өндіріп алынады. Талап қою қанағаттандырылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы құжат бойынша ЖСО қызметіне ақы төлеу өзіне қатысты қамтамасыз ету шаралары қабылданған тұлғадан өндіріп алынады.

      Мүліктік емес сипаттағы құжаттар бойынша ЖСО қызметіне ақы төлеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленеді.

ЖСО қызметіне ақы төлеу құжат толық немесе ішінара орындалған жағдайда ғана жүргізіледі. Егер мүліктік сипаттағы құжат ішінара орындалса, онда ЖСО оның қызмет ақысының өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленеді.

ЖСО қызметіне ақы төлеу құжаттың борышкері оны мәжбүрлеп орындатуға бергенге дейін орындаған жағдайда өндіріп алынбайды.

ЖСО өзінің көрсеткен қызметтерінің ақысы үшін соманы осы Заңда көзделген және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде ғана өндіріп алуға құқылы. ЖСО өзінің қызмет ақысы сомасының белгіленген мөлшерін өзгертуге тыйым салынады.

     ЖСО қызметіне ақы төлеу мөлшерін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

     Өндіріп алушы жеке және заңды тұлғалар үшін ҚР заңнамасында көзделген жеңілдіктер осы тұлғаларға атқарушылық іс-әрекеттер жасалған кезде қолданылады.

Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көзделген құжаттардың негiзiнде қозғалған iс жүргiзулер бойынша жеке сот орындаушысының қызметiне ақы алынбайды.

 

Дата публикации
13 мая 2022
Дата обновления
18 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы