Меню

Страницы

Статья

Авторлық құқықты мұрагерлік

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.

Мәселен, жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде автор қайтыс болған жағдайда оның мүліктік құқықтары заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагерлік тәртібімен ауысады және автормен жасасқан шарт бойынша құқық алған құқық мирасқорларына, оның мұрагерлеріне және кейінгі құқық мирасқорларына тиесілі болады.

Осылайша, мұрагер тұрғын үй, көлік, зергерлік бұйымдар және қаржы түріндегі материалдық құндылықтарды ғана емес, сонымен бірге автордың (мұра қалдырушының) туындыларына мүліктік құқықтарды да алуға құқылы, бұл өз кезегінде мұндай авторлық құқық объектісін кез келген нысанда және кез келген тәсілмен пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, автордың жеке мүліктік емес құқықтары (авторлық құқық, есiмi аталу құқығы, автордың беделiн қорғау құқығы, халыққа жария ету құқығы, керi қайтарып алу құқығы) мұрагерлік бойынша өтпейтініне назар аударамыз. Автордың мұрагерлері жеке мүліктік емес құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға ғана құқылы. Мұрагерлердің мұндай өкілеттіктері мерзіммен шектелмейді.

Өсиет орындаушыны тағайындайтын тәртiп бойынша автор өзiнiң мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды жүктейтiн адамды көрсетуге құқылы. Мұндай адам өз өкiлеттiгiн өмiр бойы атқарады. Автордың мұндай нұсқауы болмаған жағдайда автор қайтыс болғаннан кейiн оның мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды оның мұрагерлерi, егер мұрагерлерi болмаса немесе олардың авторлық құқығы тоқтатылған болса, Қазақстан Республикасының мұндай қорғауды жүзеге асыратын уәкiлдiк берiлген органы атқарады.

Мұрагер мұраға құқық туралы куәлікті алып, мұрагерлік құқығын ресімдеуге құқылы. Үшінші тұлғалар туындыға құқығын растайтын құжаттарды талап еткен жағдайда да осы құжатты ұсынуға құқылы.

Осыған байланысты авторлық құқық объектісіне мүліктік құқық алу үшін мұраға құқық туралы куәлік алу үшін нотариусқа жүгіну қажет.

Егер мұрагер дәлелді себептермен мұраны қабылдау үшін белгіленген алты айлық мерзімді өткізіп алған жағдайда, сот бұл мерзімді қалпына келтіріп, мұрагерді мұраны қабылдаған деп тани алатынын қосымша хабарлаймыз (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1072-3-бабы).

БІЛУ ПАЙДАЛЫ!!!

Дата публикации
13 мая 2022
Дата обновления
13 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы