Меню

Страницы

Статья

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысы туралы

Заңшығармашылық - бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ процесс.

Нормашығармашылық процестің негізгі кезеңдерінің бірі тұжырымдама жобаларын әзірлеу болып табылады.

Тұжырымдама жобасы - заң жобасын дайындаудың алдыңғы кезеңі.

Тұжырымдамада заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі, оны қабылдау мақсаттары, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар және өзге де маңызды ережелер (заң жобасын іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындар және т.б.) қамтылады.

Әзірлеуші мемлекеттік орган тұжырымдама жобасын жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырады.

Комиссия мүшелері 15 жұмыс күн ішінде тұжырымдама жобасына өз ұсыныстары мен ескертулерін береді, олар Порталда орналастырылады.

Бұдан әрі тұжырымдама жобасы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады. Бұл салааралық және ведомствоаралық мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

Комиссия жұмысы НҚА жобаларын барынша ашық, жан-жақты талқылауға бағытталған.

Комиссия қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуден тұрады.

Комиссия құрамына Парламент палаталарының депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және                     бизнес-қоғамдастықтың өкілдері кірді.

Түрлі қызмет салаларының өкілдерін тартудың мақсаты заң жобасын қабылдау кезіндегі салдарды жан-жақты зерттеу болып табылады.

Комиссия жағдайды, қандай да бір нормаларды қабылдаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалауды жүзеге асырады, оңтайлы шешім іздеу және ұсыныстар әзірлеу үшін Комиссия мүшелерінің ресурстарын тартуға мүмкіндік береді.

Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

Комиссия мүшелері пікір алмасады, қатысушылардың әрқайсысы өз пікірін білдіреді, сұрақтарға жауап береді.

COVID-19 пандемиясына байланысты Заң жобалау қызметі жөніндегі комиссияның отырыстары онлайн форматта өткізіледі.

Комиссия отырыстарының анонстары Әділет министрлігінің сайтында жарияланады, бұдан басқа әзірлеуші мемлекеттік органдарды Instagram және Facebook әлеуметтік парақшаларына анонстарды орналастыруға тарту жоспарлануда.

Бұл тәсіл әрбір азаматқа жоспарланған заңнамалық өзгерістер және Заң жобалау қызметіне қатысты өзекті мәселелер туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде 2021 жылы Комиссияның 41 отырысы өткізілді                (13 ашық, 28 сырттай), онда заң жобаларының 58 тұжырымдамасы, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің 41 қорытындысы, сондай-ақ Үкімет қаулыларының 9 жобасы қаралды.

Мысалы, 2021 жылы сайлау, жергілікті өзін-өзі басқару, азаматтық заңнаманы жетілдіру, денсаулық сақтау, агломерацияларды дамыту, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобаларының тұжырымдамалары, Әлеуметтік кодекстің тұжырымдамасы және т. б. қаралды.

 

ҚР Әділет министрлігі

Заңнама департаментінің

Заң жобалау қызметінің

үйлестіру басқармасы

басшы мақаласы

Альбина Аубакирова

Дата публикации
28 апреля 2022
Дата обновления
28 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы