1) Сіз білесіз бе, Әділет министрлігі зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруды жүзеге асырады?
2) Сіз білесіз бе, авторлық құқықты қорғау белгiсi латын "С" әрпi?
3) Сіз білесіз бе, авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін азаматтық және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын?
4) Сіз білесіз бе, туындының авторы жеке тұлға ғана бола алатынын?
5) Сіз білесіз бе, идеялар, тұжырымдамалар, принциптер, әдістер, жүйелер, процестер, жаңалықтар, фактілер авторлық құқықпен қорғалмайды?
6) Cіз білесіз бе, авторлық құқық өмір бойы және қатыс болғаннан кейін 70 жыл күшін сақталады?
Авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару (ҚҰБҰ)
1) Сіз білесіз бе, авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің мүдделеріне пайдаланушылардан (кафе, қонақ үйлері, СОО, дүкендер, театрлар, және т.б.) сыйақы жинауды жүзеге асырытын ұымдар мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (ҚҰБҰ) деп аталады?
2) Сіз білесіз бе, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын коммерциялық емес ұйымдар болып табылады?
3) Сіз білесіз бе, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (ҚҰБҰ) тікелей авторлық және сабақтас құқықтар иелері құрады?
4) Сіз білесіз бе, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың (ҚҰБҰ) қызметіне басшылықты авторлық және сабақтас құқықтар иелері жүзеге асырады?
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз оларды 2022 жылғы 26 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеуге арналған «Ашық диалог» порталындағы интернет-конференцияда сұрай аласыз.