Авторлық құқық мәселелері, қандай да бір жолмен, әрқайсымызға күнделікті әсер етеді. Кино көру, музыка тыңдау, кітап оқу кезінде біз авторлық құқық объектілеріне кезігеміз.
Авторлық құқық нормалары ҚР Азаматтық кодексімен, сондай-ақ «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңымен (бұдан әрі-Заң) реттеледі.
Заңда авторлық құқық - бұл автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары деп белгіленген.
Өз кезінде, автор - шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындыларын жасаған жеке тұлға.
Заңнамалық актілерде әдетте авторлық құқықпен қамтылған туындылардың толық тізбесі берілмейді. Дегенмен, барлық елдерде авторлық құқықпен қорғалатын туындылардың қатарына, әдетте, мыналар жатады:
Авторлық құқықты қорғау идеяларға, процестерге, жұмыс істеу әдістеріне немесе математикалық тұжырымдамаларға емес, тек білдіру формасына қолданылады.
Авторлық құқықты тіркеу міндетті ме?
Заңның 9-бабына сәйкес ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактісіне байланысты туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу, туындыны өзге де арнайы ресімдеу немесе қандай да болсын шартылықты сақтау талап етілмейді.
Осыған байланысты, Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) мәліметтерді енгізу рәсімі міндетті сипатта болмайды.
Кейбір елдерде авторлық құқықтардың ерікті тізілімдері/депозитарийі бар және мұндай жағдайларда туындыларды тіркеу орынды, мысалы, туындыға қатысты дау туындаған кезде, өйткені тіркеудің болуы айтарлықтай артықшылыққа айналуы мүмкін.
Қазақстанда авторлық құқықты қайда тіркеуге болады? Қандай құжаттар қажет?
Заңның 9-2-бабына сәйкес авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізу жөніндегі мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК) көрсетеді.
Бұл қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Туындының авторы немесе сенімхат бойынша оның өкілі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жоғарыда көрсетілген порталда авторизацияланады, онда міндетті жолдарды (ЖСН, жұмыстың атауы, жасалған күні мен нысаны) толтырады, өтінішті қалыптастырады және туындының данасын тіркейді.
Авторлық құқықты тіркеу бойынша қызмет көрсету мерзімі?
Заңның 9-1-бабының 1-тармағына мәліметтерді және олардың өзгерістерін Тізілімге енгізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, автордың өтініші алынған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жүргізіледі.
Тізілімге ақпаратты енгізгені үшін төлем мөлшері және оларды енгізу тәртібі.
Мәліметтерді Тізілімге енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы» ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК директорының 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 02-нқ бұйрығымен белгіленген мөлшерде төлем алынатынын атап өткен жөн ағымдағы күн 6932,80 теңгені құрайды.
Артықшылықтар
Заңмен келесі тұлғаларға жататындығы туралы растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, қызметті көрсеткені үшін ақы төлеу кезінде жеңілдіктер қарастырылған (Тізілімге мәліметтер енгізу кезінде қызмет үшін бағаның 95% мөлшерінде, бұл өз кезегінде 346,64 теңгені құрайды):
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
3) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
4) мүгедектерге, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуіне;
5) қандастарға;
6) кәмелетке толмағандарға жеңілдіктер береді.
Байланыстар
Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК байланыс орталығына келесі нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: +7 (7172) 62 15 15, +7 (777) 983 85 83,
+7 (775) 708 53 28.