Бүгінгі күні атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету, оның ішінде Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу және Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен деректерді алып тастау шараларын жедел жою үшін, азаматтарға берешекті онлайн төлеу сервисі қолжетімді.
Берешекті және жеке сот орындаушысының қызмет ақысын мынадай тәсілдермен төлеуге болады:
- мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының қалалары мен облыстарының қоғамдық орындарында орнатылған «Казпошта» АҚ терминалдары;
- www.post.kz web-сервисі арқылы;
- Post.kz және Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы
Post.kz қосымшасында төлеу үшін
«Төлемдер» «айыппұлдарды тексеру және төлеу (ЖЖҚ, сот берешегі, әкімшілік айыппұлдары)» «сот берешегі».
Kaspi.kz қосымшасында төлеу үшін
«Төлемдер» бөліміне кіру қажет, одан әрі «мемл. қызметтер, айыппұл, салық» «айыппұл» «сот берешегін төлеу».
Төлем жүргізілгеннен кейін, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қолданылған қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ Борышкерлердің бірыңғай тізіліміндегі деректер 30 минут ішінде жойылады және атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қойылған жағдайда, борышкер берешек пен жеке сот орындаушысының қызмет ақысын әуежайда орналастырылған «Қазпошта» АҚ терминалдары, www.post.kz web-сервисі және Kaspi.kz, Post.kz мобильді қосымшалары арқылы төлеп, шекарадан кедергісіз өте алады.