№1 сұрақ. Кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақ Сотына жүгінуге құқығы бар ма?
Иә, бар. Алайда, өтініш беруші консультациялар, келіссөздер арқылы немесе ЕАЭО туралы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де тәсілдермен сотқа дейінгі тәртіппен мәселені реттеу үшін мүше мемлекетке немесе Комиссияға алдын ала жүгінбесе, дау Соттың қарауына қабылданбайды (ЕАЭО Соты Статутының 43-тармағы (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №2 қосымша), бұдан әрі-Сот Статуты)). Егер мүше мемлекет немесе Комиссия оларға өтініш берушінің өтініші келіп түскен күннен бастап 3 ай ішінде мәселені сотқа дейінгі тәртіппен реттеу жөнінде шаралар қабылдамаса, дауды қарау туралы өтініші сотқа жіберілуі мүмкін (ЕАЭО Соты Статутының 44-тармағы).
Осылайша, Одақ Соты шаруашылық жүргізуші субъектінің өтініші бойынша дауларды мынадай негіздер бойынша қарайды:
№2 сұрақ. Өтініш жасауға қандай талаптар қойылады?
Шаруашылық жүргізуші субъектінің өтінішінде мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
III. мемлекеттің ресми атауы, пошталық мекен-жайы (хат жазысу үшін мекенжайын), сондай-ақ телефон, факс нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайын (болған кезде) қоса алғанда, жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жері;
VII. өтініш берген күні.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің өтінішіне, сондай-ақ мынадай құжаттар қоса беріледі:
№3 сұрақ. Өтініш қандай нысанда беріледі?
Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар 1 данада қағаз жеткізгіште, сондай-ақ электрондық жеткізгіште Одақ сотына ұсынылады («Еуразиялық экономикалық одақ Сотының регламентін бекіту туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 101 шешімінің 9-бабының
4-тармағы).
№4 сұрақ. Өтініш баж салығы бар ма?
Иә, шаруашылық жүргізуші субъектінің Одақ Сотына өтінішіне баж салынады, сондай-ақ мұндай баж шаруашылық жүргізуші субъект Сотқа өтініш бергенге дейін төленеді (Сот Статутының 62-63 – тармақтары).
Бұл ретте, баж мөлшері 2022 жылғы жағдай бойынша 49 760 ресейлік рублді құрайды («Еуразиялық экономикалық одақтың сотына жүгінген кезде шаруашылық жүргізуші субъектілер төлейтін баж мөлшерін бекіту туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 24 шешімі).
№5 сұрақ. Комиссия сот шешімін орындамаған жағдайда кімге жүгінуге болады?
Комиссия Одақ Сотының шешімін орындамаған жағдайда, шаруашылық жүргізуші субъектінің оны орындау жөнінде шаралар қабылдау туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге құқығы бар (Сот Статутының 115-тармағы).