Меню

Страницы

Статья

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін лицензия беру

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттейді және бақылайды, оның ішінде жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асырады.

Жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.

Сонымен қатар, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның (бұдан әрі – заң) 140-бабының 2-тармағында жеке сот орындаушылары бола алмайтын адамдардың тізбесі көзделген.

Жеке сот орындаушысының лицензиясы атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына рұқсат болып табылады және оны уәкілетті орган тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейін береді.

Заңның 142-бабының 5-тармағына сәйкес мыналар аттестаттаудан және тағылымдамадан өтуден босатылады:

1) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан табысты өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар басым құқыққа ие болады;

2) судьялар, сондай-ақ тармақшаларда көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адамдар судья бола алмайды 1), 2), 3), 9), 10) және 12) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының;

3)  прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар;

4) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алуға арналған іс-қимылдардың қадамдық алгоритмі мынадай:

1-қадам.  Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті "электрондық үкіметтің" www.egov.kz. веб-порталы арқылы жолдайды.

2-қадам. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын, сондай-ақ көрсетілетін ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларда көзделген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

Мемлекеттік бажды төлеу 6 АЕК-ті құрайды, оны БСК:105 402, ТТК: 911 деректемелері бойынша жүргізуге болады.

3-қадам. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алуға құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және орындауға береді.

4-қадам. Көрсетілетің қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.  Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді.

Лицензия беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

5-қадам. Келісуші мемлекеттік органның жауабы теріс болған не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

Лицензия беруден бас тарту негіздерінің тізбесі Қағидаларда көзделген. Бас тарту мерзімі 10 күнді құрайды.

 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу кезінде сұрақтар туындаған жағдайда www.egov.kz. 1414 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Дата публикации
11 марта 2022
Дата обновления
19 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы