Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

«Бекітілді»

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінің

Аппарат басшысының

2021 жылғы «__» мамырдағы №___

бұйрығымен

 

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қызметінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін

себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

№

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Әділет органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсынымдардың сапалы және уақтылы орындалуы мәніне мониторинг жүргізу

Аппарат басшысына аралық және қорытынды анықтама

КҚД (жинақтау)

Құрылымдық бөлімшелер, ведомствоға бағынысты ұйымдар, аумақтық әділет органдары

 

2022 жылғы қаңтар/

2022 жылғы мамыр

2

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы әділет органына қолданылатын әкімшілік жаза түрін таңдау құқығын беруді алып тастауға қатысты ҚР ӘҚБтК-не түзетулер енгізу мәселесін пысықтау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ТҚжЗҚҰД

2021 жыл бойы

3

Жеке сот орындаушының лицензиясының қолданысын мерзімінен бұрын қайта жалғастыру туралы норманы алып тастауға, сондай-ақ тоқтата тұрудың нақты мерзімдерін міндетті түрде көрсете отырып, екі және одан да көп тәртіптік жаза қолданылған кезде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізуге қатысты қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу жөнінде шаралар қабылдау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

САОД

2021 жыл бойы

4

«Атқарушылық іс жүргізу және сот мәртебесі туралы» ҚР Заңының 141, 141-1, 142-баптардың нормаларынан мемлекеттік қызмет көрсетудің егжей-тегжейлі процестерін алып тастау бөлігінде  түзетулер енгізу бойынша шаралар қабылдау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

САОД

2021 жыл бойы

5

Жеке сот орындаушысының лицензиясын прокурорлар мен тергеушілерге аттестаттаудан өтпей беруді алып тастауға қатысты қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу жөнінде шаралар қабылдау, бұл ретте аталған санаттағы тұлғаларды тағылымдамадан өтуден босату бөлігінде нормаларды бұрынғы қалпында қалдыру

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

САОД

2021 жыл бойы

6

«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекетіне шағымдарды апелляциялық комиссияның нақты қарау мерзімін көрсету бөлігінде ҚР Патенттік заңына түзетулер енгізу бойынша шаралар қабылдау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ЗМҚД

2021 жыл бойы

7

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында құжаттар ұсынылатын тілді таңдау, сондай-ақ   мемлекеттік қызметтер көрсету үшін оларды ұсыну мерзімдері бөлігінде бірыңғай тәжірибені енгізу

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ЗМҚД

2021 жыл бойы

8

«Нотариат туралы» және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңдарына нотариустардың атқарушылық құжаттарды тек электрондық түрде жіберуді көздейтін түзетулер енгізу жөнінде шаралар қабылдау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

САОД  

ТҚжЗҚҰД

2021 жыл бойы

9

АІЖО ААЖ және БНАЖ-да тексеруден өтпеген құжаттар бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғауға тыйым салу бойынша тиісті форматтық-логикалық бақылаумен атқарушылық құжаттардың заңдылығын тексеру сервистерін іске асыру мәселесін пысықтау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ЦжМҚАД

  САОД  

ТҚжЗҚҰД

2021 жыл бойы

10

Жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының  алушыларға сомаларды аудару жөніндегі іс-қимыл алгоритмі мен мерзімдерін көздейтін құқықтық құжатты әзірлеу және бекіту, немесе заңнамаға тиісті түзетулер енгізуге бастамашылық жасау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

  САОД  

 

2021 жыл бойы

11

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына сәйкес және аттестаттаудан өту орнын таңдау бөлігін сәйкес келтіру

 

Мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне өзгерістер/толықтырулар енгізу туралы бұйрық

ТҚжЗҚҰД

2021 жылғы

шілде

12

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылатын құжаттар данасының саны бөлігінде сәйкес келтіру

 

Мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне өзгерістер / толықтырулар енгізу туралы бұйрық

ТҚжЗҚҰД

2021 жылдың

3 тоқсаны

13

Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесіп «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес адвокаттармен адвокаттық сұраныс салу кезде, қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама міндетті түрде ұсыну бойынша Адвокаттық сауалды ресімдеу және жолдау тәртібіне түзетулер енгізу

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ТҚжЗҚҰД

2021 жылдың

3 тоқсаны

14

Нотариустың үй-жайын тексеру кезінде міндетті түрде үй-жайға аудио-бейне түсірілім жүргізуді және оны сақтау мерзімі кемінде 3 жылды құрайтын тәртібі көзделетін құжатты әзірлеу және бекіту

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ТҚжЗҚҰД

2021 жылдың

3 тоқсаны

15

Министрлікте және аумақтық әділет органдарында заңды тұлғаларды тіркеу саласында алғашқы жүгінгенде анықтауға болатын негіздер бойынша  өтініш берушіге бірнеше рет тіркеуден бас тарту фактілерін анықтау мәніне талдау жүргізу, осы талдау нәтижелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

 

Талдау анықтамасы,

Жетекшілік ететін Вице-министрдің атына қызметтік жазба,

Семинар

ТҚжЗҚҰД

2021 жылдың

 3 тоқсаны

16

Адвокаттардың, нотариустардың және жеке сот орындаушылардың лицензияларын тоқтата тұру немесе айыру туралы аумақтық әділет органдарынан келіп түскіп, қараусыз қалдырылған ұсынымдарды мәні бойынша қарау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ТҚжЗҚҰД

САОД  

 

2021 жылғы

 маусым

17

Адвокаттың, нотариустың немесе жеке сот орындаушының қызметімен айналысуға лицензияны тоқтата тұру немесе айыру туралы аумақтық әділет органдарынан Министрлікке келіп түскен ұсынымдары бойынша шараларды қабылдамау фактілерін анықтау мәніне мониторинг жүргізу

 

Жетекшілік ететін Вице-министрдің атына жазылған қызметтік жазба

ТҚжЗҚҰД

САОД  

 

2021 жылғы

шілде

18

Нотариустардың, адвокаттардың және жеке сот орындаушылардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру/айыру туралы келіп түскен ұсынуларды бақылау жүйесін әзірлеу

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ТҚжЗҚҰД

САОД  

ІӘД

2021 жылғы

 тамыз

19

Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларында; Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында; Мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында тақырыптарды ресімдеу, нормативтік құқықтық актілерді электрондық форматта келісу және қоса берілетін құжаттардың тізбесі бөлігінде қарама қайшылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ЗТАД

НҚАТД

 2021 жыл бойы

20

ЗТ МДҚ-да және ЭҮП-да заңды тұлғаның тіркеу деректерінің ЗТ МДҚ-да автоматты түрде өзгергеннен кейін ЭҮП-дағы жеке кабинетте хабарламаларды қалыптастыру бөлігінде техникалық пысықтауды жеделдету бойынша шаралар қабылдау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ЦжМҚАД

 

2021 жылғы

шілде

21

Апелляциялық кеңестің қызметін толық автоматтандыруға дейін апелляциялық кеңестің отырыстарын бейне түсірілім жүргізуге арналған техникалық құралдарды әр отырыс алдында олардың жарамдылығы не техникалық ақаулардың болуы тұрғысынан тексеру мақсатында  ақпараттық технологиялар бойынша қызметкерлердің қатысу мәселесін пысықтау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ЗМҚД

ЦжМҚАД

 

2021 жыл бойы

22

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңына сәйкес апелляциялық комиссия, тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия отырыстарының ашықтығын және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету

 

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ЗМҚД

2021 жылдың

 3 тоқсаны

23

«Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік қызметін толық автоматтандыру мәселесін пысықтау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ЗМҚД

ЦжМҚАД

ЭжҚД

2021 жыл бойы

24

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеуге арналған өтініш нысанын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығымен бекітілген Аккредиттеуден өту үшін мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым ұсынатын құжаттар тізбесінде «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес келтіру, сондай-ақ электрондық өтініштері бар қағаз рәсімдерді алып тастау

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін құқықтық актілерге өзгерістер/толықтырулар енгізу туралы бұйрық

ЗМҚД

2021 жылғы

шілде

25

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы №1349 бұйрығымен                            (7-тармақтың үшінші абзацы) бекітілген Тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларына заңнама ережелеріне сілтемелері бар ескертулерді міндетті түрде көрсете отырып, сұрау салуды жіберу үшін негіздердің түпкілікті тізбесін келтіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық

ЗМҚД  

ҰЗМИ

2021 жылғы

желтоқсан

26

Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісін анықтау мәніне тексерулерді жүзеге асыру рәсіміне аудио-бейне түсірілім жүргізуді қолдануды нормативтік бекіту жөнінде шаралар қабылдау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ЗМҚД

Аумақтық әділет органдары

2021 жылғы

желтоқсан

27

Әділет департаменттерін нотариустың үй-жайына және тауар таңбасын заңсыз пайдалану мәніне тексеруді жүзеге асыру рәсіміне аудио-бейне түсірілім жүргізуге техникалық құралдарымен жабдықтау мәселесін пысықтау

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ЗМҚД

 (жинақтау)

ТҚжЗҚҰД

ЭжҚД

Аумақтық әділет органдары

 

2021 жылғы

желтоқсан

28

Зияткерлік меншік саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру, ҚР заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, оны қолдану практикасына талдау және қорыту жүргізу

 

Аналитикалық анықтама

ЗМҚД

2021 жылғы

желтоқсан

29

Құқықтық тетіктердің көмегімен тауар таңбалары мен өнертабыстарға арналған өтінімдерге (олардың келіп түскен күні бойынша) сараптама жүргізудегі кезектілік тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі тетікті әзірлеу

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ҰЗМИ

ЗМҚД  

 

2021 жылдың

 3 тоқсаны

30

Тауар таңбаларына өтінімдер бойынша түпкілікті шешімдер шығаруда объективтілік және бейтараптық қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында басқа сарапшы жасаған алдын ала ішінара тіркеу туралы немесе тауар таңбасын тіркеуден алдын ала бас тарту туралы сараптамалық қорытындыға көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын қарайтын сарапшыны айқындау жөніндегі тетікті әзірлеу

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ҰЗМИ

ЗМҚД  

 

2021 жылдың

 3 тоқсаны

31

«ҰЗМИ» РМК мемлекеттік және сараптамалық қызметтер мониторингі басқармасы туралы Ережеге мониторинг жүргізу тәртібі бөлігінде толықтырулар енгізу

 

Ережеге толықтырулар енгізу туралы бұйрық

ҰЗМИ

2021 жылдың

 3 тоқсаны

32

«ҰЗМИ» РМК байланыс орталығы туралы Ережеге оның қызметі тәртібіне қатысты толықтырулар енгізу

 

 

Ережеге толықтырулар енгізу туралы бұйрық

ҰЗМИ

2021 жылдың

 3 тоқсаны

33

Ұйымдағы мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелерін реттейтін ішкі құжатты әзірлеу және бекіту

 

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ЗжҚАИ

ССО

2021 жылдың

 3 тоқсаны

34

Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшін бағанның болмауы және лицензияның қолданылуын тоқтатуға өтініш беру мүмкіндігі бөлігінде сараптама қызметі саласындағы "Е-лицензиялау" АЖ-да техникалық проблемаларды жою бойынша жұмыс жүргізу

 

ЦДжАӨМ-не және

«ҰАТ» АҚ-на хат, мемлекеттік қызмет көрсету Ережелеріне өзгертулер туралы бұйрық,

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

 

ЦжМҚАД

СҚҰД

2021 жыл бойы

 

35

Әділет министрлігінің Регламентіне өтініштерді қайта жіберу және сұрау салулар жіберу мерзімдерін белгілеу, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаларға шағымдар жіберуге тыйым салу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылымдық бөлімшелер басшыларының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

Регламентке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық

ІӘД

2021 жылғы

шілде

36

Әділет органдары жүйесі бойынша азаматтардың өтініштерінің деңгейін төмендету бойынша сапалы және пәрменді шаралар әзірлеу бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі сараптама комиссиясының жұмысын жандандыру

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ІӘД

Құрылымдық бөлімшелер

2021 жылдғы

шілде

37

Өтініштердің себептеріне, олардың әділет органдары жүйесінде сапалы және уақтылы қаралуына талдау жүргізу

Аппарат басшысына/Әділет департаменті басшысына талдамалық анықтама, қызметтік жазба

ІӘД (жинақтау)

САОД  

ТҚжЗҚҰД

СҚҰД

ЗМҚД

ЗД

Аумақтық әділет органдары

 

Тоқсан сайын

38

Ұйым қызметінің бизнес-процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, сараптамалардың өндірістік және процестік мерзімдерін, ұйымдастыру рәсімдерін бұзу фактілерін анықтау тұрғысынан келіп түскен өтініштерге талдау жүргізу

 

Талдамалық анықтама,

Жетекшілік ететін Вице-министрге ақпарат

ССО

 

Тоқсан сайын

39

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асыру кезінде аудио/бейне түсірілім жүргізуді қолдану

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

Аумақтық әділет органдары

2021 жылдың

 3 тоқсаны

40

«ҰЗМИ» РМК-дағы бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу қағидаларына үміткерлер үшін сұрақтарды жасау, бекіту және қорғау, сондай-ақ әңгімелесу өткізу рәсіміне аудио және/немесе бейне-түсірілім жүргізу тәртібін регламенттеу бөлігінде толықтырулар енгізу

 

Қағидаларға тиісті толықтырулар енгізу туралы бұйрық

ҰЗМИ

2021 жылғы

шілде

41

Алқалық шешім қабылдау және көтермелеу туралы шешім қабылдауға қызметкерлер өкілдерінің қатысуы негізінде «ҰЗМИ» РМК қызметкерлерін көтермелеуді қолдану тәртібін регламенттеу

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

ҰЗМИ

2021 жылғы

тамыз

42

Жасалған теріс қылық пен қызметшінің өзге де сіңірген еңбегін ескере отырып, қызметтік міндеттерін адал атқарудан басқа, тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мәселесін қарау кезінде жеке тәсіл практикасын енгізу

 

Аппарат басшысына ақпарат

КҚД

ҰЗМИ

ССО

Аумақтық әділет органдары

2021 жылдың

 3 тоқсаны

43

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес әділет органдарының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен қол қойғызып таныстыру

 

Қолдармен танысудың жазбаша нысандары

КҚД

Аумақтық әділет органдары

2021 жылғы

шілде

44

Аумақтық әділет органдарының қызметкерлері үшін бірыңғай тәртіптік тәжірибені қолдануды түсіндіру бойынша оқыту семинарын өткізу

Семинар

КҚД

 

2021 жылғы

маусым

45

Аумақтық әділет органдарының қызметкерлерін ақшалай көтермелеу рәсімінің ашықтығын, оның ішінде «Е-қызмет» АЖ арқылы комиссия мүшелерімен көтермелеу туралы тиісті бұйрықты келісу жолымен қамтамасыз ету

 

Атқарылған жұмыс туралы анықтама

Аумақтық әділет органдары

2021 жылдың

 3 тоқсаны

46

Министрліктің интернет-ресурсының басты бетінде «Электрондық үкімет» порталына сілтеме жасай отырып (egov.kz), мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратпен «мемлекеттік қызметтер» бөлімін орналастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ осы бөлімді уақтылы өзектендіру

 

Министрліктің интернет-ресурсының басты бетінде «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін орналастыру

ЦжМҚАД

СЖД

ТҚжЗҚҰД

ЗМҚД

САОД

СҚҰД

 

2021 жылғы

шілде

47

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептік және өзге де ақпаратты Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету

 

Тиісті ақпаратты интернет-ресурста орналастыру

СҚҰД

 

2021 жылғы

маусым

48

Министрліктің интернет-ресурсында «Сот сараптамасы» бөлімінде «ССО» РМҚК-ның ресми сайтының сілтемесін орналастыруды қамтамасыз ету

 

Интернет-ресурста тиісті сілтемені орналастыру

СҚҰД

 

2021 жылғы

маусым

49

Сот-сараптама қызметіне қатысты материалдарын БАҚ-та жариялануын қамтамасыз ету

Мақалалар,

Сөз сөйлеу,

Интернет-ресурстардағы жарияланымдар

 

СҚҰД

 

2021 жылдың

 3 тоқсаны

50

Мемлекеттік органдар интернет-ресурсының бірыңғай платформасында тиісті бөлімдердің толтырылуын қамтамасыз ету

МО ИРБП-да тиісті ақпаратты орналастыру

КҚД

САОД

Әдеп жөніндегі уәкіл

 

2021 жылғы

шілде

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АІЖО ААЖ - Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

БНАЖ - Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе

ЗТ МДҚ - Заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры

ЭҮП – «Электрондық үкіметтің» веб-порталы

 

ІӘД - Ішкі әкімшілендіру департаменті

ЗД -   Заңнама департаменті

ЗМҚД - Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі департамент

ЗжҚАИ - Заңнама және құқықтық ақпарат институты

ЗТАД – Заңға тәуелді актілер департаменті

КҚД - Кадр қызметі департаменті

НҚАТД - Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті

САОД - Сот актілерін орындау департаменті

СЖД – Стратегиялық жоспарлау департаменті

СҚҰД  - Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті

ССО - Сот сараптамасы орталығы

ТҚжЗҚҰД- Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті

ҰЗМИ - Ұлттық зияткерлік меншік институты

ЦжМҚАД - Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті

ЭжҚД - Экономика және қаржы департаменті

Дата публикации
04 июня 2021
Дата обновления
04 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы