Сот-сараптама қызметін жетілдіру
Тәуелсіздік алғаннан кейін елде сот ісін жүргізуді және құқық қорғау органдары жүйесін, оның ішінде сот-сараптама жүйесін реформалау саласында түбегейлі қадамдар жасалды.
Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицинасы орталығын ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығымен біріктіру жолымен бірыңғай сот-сараптама қызметі құрылды.
Республикалық сот сарапшылары палатасы құрылды, оның құрамында 152 жеке сот сарапшысы және 7 өңірлік филиалы бар.
Осы саланы дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар сот-сараптама жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етті, сот-сараптама қызметтерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға ықпал етті.
Жеке сараптама қызметін орнатуға және бәсекеге қабілетті сараптама ортасын қалыптастыру үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Жоғарғы Сотпен бірлесіп Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының сот сараптамасы институттарында жеке сот сарапшыларына азаматтық істер бойынша бастапқы сот-құрылыс, тауартану және экономикалық сараптамаларды тағайындау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды.
БП, ІІМ-мен бірлескен бұйрық шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Қостанай және Павлодар облыстарында қылмыстық істер бойынша сараптамалардың жекелеген түрлерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.
Пилоттық жоба оң нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, сараптама жүргізу мерзімі қысқарып, мемлекеттік сарапшылардың жүктемесі азайды.
Осы бағыттағы жұмыс сараптамалар түрлерінің санын және республика өңірлерін ұлғайту жолымен жалғастырылатын болады.
Сот-сараптама қызметін автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталуда.
«Е-Saraptama» ақпараттық жүйесі әзірленді.
Оны «Төрелік», «Е-уголовное дело» және «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілді.
Заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер жобасы Мәжілістің қарауында жатыр.
Заң жобасын қабылдау сот-сараптама қызметі нарығында бәсекелестікті құруға, жеке сот сарапшылары қызметінің ашықтығын, сапаны жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот сараптамасы органдарының қызметін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Сот-сараптама қызметі институтын одан әрі жетілдіру және нығайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады