Күнделікті өмірдегі қарапайым әдеттердің өзі су тұтынуды айтарлықтай азайтып, қоршаған ортаны және болашақ ұрпақтың игілігін сақтауға үлес қоса алады.
Суды күн сайын қалай үнемдеуге болады:
• Тіс тазалау кезінде кранды ашық қалдырмай, стақандағы суды пайдаланыңыз. Бұл қарапайым тәсіл жылына 6300 литрге дейін суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
• Ванна қабылдаудың орнына қысқа уақыттық душты таңдаңыз. Бұл жыл сайын 15 600 литрге дейін суды сақтауға көмектеседі.
• Көкөністер мен жемістерді ағын судың астында емес, арнайы ыдыста жуыңыз. Осылайша жылына 1500 литрге дейін су үнемдеуге болады.
• Кір және ыдыс жуатын машиналарды толық жүктемемен ғана пайдаланыңыз. Алты адамнан тұратын отбасы үшін бұл тәсіл жылына 35 000 литрге дейін суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
• Су үнемдейтін заманауи құрылғыларды орнатыңыз. Екі режимді су ағызу багы жылына 6000 литрге дейін, ал сенсорлық араластырғыштар 4500 литрге дейін суды үнемдеуге көмектеседі.
• Крандар мен сантехникалық жабдықтардың жай-күйін тұрақты түрде тексеріп отырыңыз. Ақауларды дер кезінде жою су тұтынуды 10%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Ал болмашы су ағуының өзі тәулігіне 100 литрге дейін судың ысырап болуына әкелуі мүмкін.
Су ресурстарын сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Суды бүгін үнемдеу арқылы біз еліміздің тұрақты дамуына үлес қосып, келер ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтаймыз.