Меню

Страницы

Статья

Әділет министрлігінің жобалық офисі

Әділет министрлігінің жобалық офисі

Әділет министрлігінің 2025 жылға арналған Операциялық жоспарының 72-тармағының орындалуы туралы

Жоғарыда аталған тармақты орындау шеңберінде ҚР ӘМ жобалары мен тапсырмаларының орындалуы бойынша жобалық басқару АЖ мониторингін жүргізуге қатысты төмендегілер хабарланады.

Қазіргі уақытта ЖБАЖ «Битрикс» жүйесінде 4 базалық бағыт және 3 үлгілік базалық бағыт бойынша 41 жоба бар:

I Базалық бағыт «Нормашығармашылық мәселелері» бойынша — 31 жоба, оның ішінде 9 жоба орындалды, 22 жоба орындалуда.

 Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауын іске асыру жөніндегі ҰЖЖ шеңберінде 1 жоба орындалуда (п. 15 Активтерді қайтару мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу). АП тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі осы жылдың наурызынан осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін ұзартылды.

Анықтама:

ҰЖЖ-ның 15-тармағын орындау шеңберінде ӘМ БА және басқа да мүдделі МО-мен бірлесіп, жасалған нүктелік түзетулерді бастамалау үшін депутаттар корпусымен жұмыс жүргізді.

2025 жылғы 19 қарашада «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң Парламент Мәжілісінің екінші оқылымда мақұлданды.

2025 жылғы 25 қарашада Заң Сенатқа жіберілді.

2025 жылғы 18 желтоқсанда Парламент Сенатының пленарлық отырысы жоспарланған (1 оқылым).

Аталған мәселе куратор Вице-министрдің бақылауында.

ҚР Президентінің «Әділ Қазақстан — баршаға және әркімге. Қазір және мәңгілікке» сайлауалды бағдарламасы бойынша 3 жоба орындалуда.

Анықтама:

п. 1 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа институттары жұмысын күшейту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу: Конституциялық Сот, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл — АПР-дың 2025 жылғы 12.03-тегі № 13-13/01-97-13//2 тапсырмасына сәйкес мерзім осы жылдың 14 қарашасына дейін ұзартылды. ӘМ АПР-ға тапсырманың орындалуы туралы 14.11.2025 күнгі № 1-1-8-/кД-1545,1 хат жіберді. Бақылаудан алу туралы АПР фишкасы күтілуде.

п. 9 Азаматтық сот ісін жүргізуді жетілдіру, сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді күшейту, тараптар арасындағы бәсекелестікті қамтамасыз ету шаралар кешенін әзірлеу — РАП-тың 24.12.2024 күнгі № 8860 ПАБ-9 резолюциясымен тапсырманың орындалуы 2026 жылдың қарашасына дейін ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылды.

п. 10 Азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚК мен ҚІЖК-ні ревизиялау — АПР-дың 22.07.2025 күнгі № 13-13/01-97-8//2 п. 17 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі 20.12.2026 жылға дейін ұзартылды (2026 жылдың 10 қаңтары мен 10 шілдесіне аралық ақпаратпен).

2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары бойынша — 1 жоба («The World Justice Project» «Заңның үстемдігі индексі») орындалды.

 Қалған 18 жоба бойынша 2030 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес жұмыс жүргізілуде.

II Базалық бағыт «Заң көмегін көрсету саласын жетілдіру» бойынша — ММЗК көлемін ұлғайтуға қатысты 1 жоба орындалды (КРС-тің 17.02.2025 күнгі № 9-1-9-1/646-ВН хатына сәйкес. 2024 жылы азаматтарға 261 498 ММЗК көрсетілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе өсімді құрайды), заң тәжірибесіне жіберу механизмдерін енгізу және мамандық бойынша заң практикасына жіберу мәселесі шеңберінде дағдылар мен білімді тексеру механизмдері бөлігінде Құқықтық саясат тұжырымдамасы бойынша 1 жоба жұмыста (Қойшыбаев Г.Т.-ның 11.04.2025 күнгі № 13-13/02-363 п.104 резолюциясымен жаңа мерзім 15.01.2026 жыл белгіленді).

III Базалық бағыт «Зияткерлік меншікті дамыту», «Адам құқықтары саласындағы басымды шаралар жоспарын іске асыру» бойынша — 1 жоба орындалды. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды және қамтамасыз етуді күшейтудің қосымша құқықтық құралдарын енгізу, зияткерлік меншіктің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, инвестицияларды тарту және шығармашылық экономиканы дамыту бөлігінде заңнамалық актілерге түзетулер көздейтін заң жобасы әзірленді, ол Мәжілісте қарастырылуда.

IV Базалық бағыт «Сот-сараптамалық тәжірибені жетілдіру», «Цифрландыру» ҰДЖ шеңберінде — 2 жоба орындалды (Сот сараптамасының сапасын арттыру; Автокөлік құралдарын тұтқындауды, іздестіруді және алып қоюды автоматтандыру, сондай-ақ жүргізуші куәліктерін тоқтата тұру). Сот-сараптамалық қызмет сапасын арттыру мақсатында цифрландыру арқылы белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, Сіз «Е-сараптама 2.0»-дің жаңа нұсқасын жасауды көздейтін, РМК СЭО қажеттілігін ескерген 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіттіңіз. Қазірдің өзінде «Тірі адамдарды куәландыру» модулі тәжірибелік пайдалануда. Бақылауды күшейтуге арналған аналитикалық модуль жасау және ақпараттық қауіпсіздікті арттыру үшін қауіпсіздік офицерінің рөлін жасау жұмысы жүргізілуде.

Бүгінгі күні автоматты режимде тұтқындау жүктеп, көлік алып қою туралы тиісті қаулыны жіберуге мүмкіндік беретін функционал бар. Сондай-ақ АЖ ОМЖ тестілік ортасында жүргізуші куәліктерін тоқтата тұру функциясы әзірленді.

Үлгілік базалық бағыт бойынша — 5 жоба орындалуда (ҮББ-2. ҚР ӘМ мемлекеттік қызметшілерінің кәсібилігі мен біліктілігін арттыру; ҮББ-3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс — 1 жоба: Өтініштерге талдау жүргізу, жүйелі мәселелерді анықтау; ҮББ-4. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл — 3 жоба: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру).

Аталған ҮББ жобалары бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

Өз кезегінде Министрліктің қайта құрылымдануына байланысты жобалық құжаттаманы жаңарту мақсатында «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жобалық қызметі туралы» бұйрық (04.11.2025 күнгі № 611) қол қойылды, ол жаңартылған Басқарушы комитет құрамын, жобалық рөлдерді бекітуді, Ситуациялық-аналитикалық және Коммуникациялық орталықтар құрамдарын, Жобалық жұмысты басқару регламентін, ЖО Жобалық архитектурасын және т.б. көздейді.

Жоғарыда баяндалғандарға негізделе отырып, ведомстволар басшылары мен ӘМ құрылымдық бөлімшелеріне тапсыруды мақсатқа сай деп есептейміз:

Жобаларды уақтылы орындауды бақылауды күшейту және ЖБАЖ «Битрикс» жүйесінде олардың іске асырылу мәртебесінің өзектілігін қамтамасыз ету.

Тапсырманы орындау және шешім қабылдау тәртібінде енгізіледі.

Дата публикации
29 апреля 2026
Дата обновления
29 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
14 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мақалалар
31 июля 2026
Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – ашықтыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бастайтын жол
Мақалалар
22 июля 2026
Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамалар

Социальные медиа

Facebook
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы